Басқа қандай жағдай болса да, дінге зиян тимесе болды ма?
Жауап: Ислам, Күн секілді, үрлегенге сөнбейді: Күндізгідей жарық, көз жұмғанмен түн бола салмайды. Көзін жұмған адам өзіне ғана қараңғылық орнатады.
Дінді қорғап, соған қызмет етуді шарасыз басшыларға, жағымпаз
қызметкерлерге, шолақ ойлы офицерлерге тапсырған дұрыс па?
Әлде халықтың санасына әбден сіңген, ислами сезімдердің қайнар
көзіне айналған иман нұрының мызғымас тіреулері мен алмас
қылыштарына тапсырған дұрыс па? Өздерің салыстырып көріңдер.
Иә, сол нұрлы тіреулер діннің жүгін арқалайтын болады. Көріп
отырғандарыңдай неше түрлі сәулелер жарқылдай бастады. Ақырын-
ақырын өзіне тартып жатыр. Діни сезімдер, әсіресе хақ діннің сөзі
өтімді, үкімі жоғары, әсері күшті болатынын ғылым нақтылай түсуде.
Егер маса ызыңын тоқтатса, бал арасы гуілдемей қалса, сендердің
көңілдерің түспесін. Еш уайымдаушы болмаңдар. Өйткені бүкіл
әлемді әуенмен тербеткен, ақиқаттардың сырын бір жүйеге келтірген
Илаһи әуен тоқтамайды. Үнемі күмбірлеп тұрады. Падишаһтардың
Патшасы, Мәңгілік Сұлтан, Құран атты Илаһи әуенмен бүкіл
әлемді әнге бөлеп, аспан деп аталатын күмбездің астын жаңғыртып,
Асхаб-ы Кеһфтің үңгіріндей болған ғұламалар мен машайыхтың,
орақ ауыз шешендердің зейіні мен көкірегінде және тілдерінде
қайта жаңғыртып, солардың тілдері арқылы алуан түрлі күмбірмен
дүр сілкіндіріп, сол дыбыстардың денеге айналған түріндей болған
бүкіл Ислами кітаптарды домбыраның бір шегіндей, заңдардың бір
тармағындай етіп қойған және әр бір шектің Жаратушыны жар салып
тұрғандығын, аспани, рухани дауыстарды көкрегімен ести алмаған,
тыңдай алмаған жан ондай күмбірлермен салыстырғанда масаның
ызыңындай болған бір бастықтың бақырып шақырғанын және қара
шыбындай қызметкерлердің ызыңдарын ести ала ма?
73-бет