Қоғам
June 19, 2020
Бізге жұбаныш сыйлаған мына асқақ үмітті, үмітсіздікке айналдырып жіберетін және өмірімізді улап, елімізді бөлшектеп жібергісі келіп, аузын арандай ашқан жыландарды қайтеміз?
Жауап: Қорықпаңдар, мәдениет, фазилет және азаттық адамзат әлемінде жеңіске жете бастағандықтан, таразының екінші басы қаласа да қаламаса да ақырын-ақырын жеңілдей береді. Аллаһ бетін аулақ қылсын, егер біздің бөлшек-бөлшегімізді шығарып, өлтіре қалған күннің өзінде, сенімді болыңдар, жиырмамыз өлсек, үш жүз болып тірілеміз. Басымыздан ұятқа қалдырар нәрселер мен алауыздықтың шаңын сілкіп тастап, нағыз зиялы, ауыз біршілігіміз мол жағдайда адамзаттың керуеніне көшбасшы боламыз. Біз ең әдемі, ең жоғарғы дәрежедегі өмірге жол ашар өлімнен қорықпаймыз. Біз өлсек те Исламият аман қалады. Сол қасиет дарыған халқымыз аман болсын!
74-б.