
Өткен апталарда АҚШ-да өткен білім конференциясына қатысып келдік. Өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған конференцияның тақырыбы "Оқытудағы көшбасшылық" болды. Осы шарада ерекше көзге түсіп жадымызға жазылған естелікпен бөлісе отырайын деп шештім.

Қайраттың шет тілі мұғалімі болып жұмыс істегеніне көп болған жоқ. Тіл үйренуді бала кезінен жақсы көретін еді. Енді міне өзі де білікті маман ретінде жастарға тіл үйретуде.

Арман өзіне алғаш рет директорлық қызмет ұсынылған кезде бірінші ойлағаны бұл маңызды қызметке қаншалықты лайық еңбек ете алатындығы болды. Өйткені он жылдық ұстаздық тәжірибесінде, төрт жылға жақын орынбасарлық қызметінде мектеп директорының міндетінің қаншалықты қиын екендігіне көзі жетіп жүрген болатын. Мектептің шаруашылық жұмысы, есеп-қисап істері, интернат-асхана қызметтері, мұғалімдердің біліктілігі, ұжымның ауызбіршілігі, ата-аналар және қоғаммен жұмыс, т.б. осы тәрізді ондаған маңызды жұмыстың жауапкершілігінің бір өзінен сұралатынын ойлап бірнеше күннен бері түн ұйқысы төртке бөлінген-ді. Әдетте бұндай шешуші сәттерде ол жан-жары Әсемнің жігер толы кеңестеріне жүгінетін. Бірненше күннен кейін жолдасының сенімі мен қолдауын...

2016 жылдың шілде айында Мюнхенде жан түршігерлік оқиға орын алды. Біршама адамның өмірін қиған бір жоғарғы сынып оқушысы қылмыс жасап болған соң өзіне қол жұмсап, бақилық болған. Бұл оқиға себебімен қалада бірнеше күнге созылған қаралы күн жарияланды. Құзыретті органдар оқиға себебін әшкереледі. Оқушы тарапынан жасалған осыншама үлкен агрессияның себебі - буллинг болған.