June 17, 2020

Мұқаттаат туралы

Мысалы, кейбір сүрелердің бастарындағы бейне бір құпия сырлардың шартты белгілері іспеттес الۤمۤ, الۤرٰ, طٰهٰ, يٰسۤ, حٰمۤ عۤسۤقۤ секілді "мұқаттаат" әріптерін қолданудағы өзгеше әдіс­тәсілінің бесалты мұғжизалық сәулелері бар екенін "Ишарат-ул Иғжаз" кітабымда жазған болатынмын. Атап айтқанда, жоғарыда аталған сүрелердің басындағы аталмыш әріптер, әріптердің белгілі түрлерінен саналатын "мәжһүра", "мәһмүса", "шадида", "рахуә", "зәләқа", "қалқала" секілді көптеген түрінің әрбір түрінен жартысы алынған. Ал бөліп­жаруға келмейтін жеңіл әріптерінен жартысынан көбін, ауыр әріптерінен жартысынан азын алып, осылайша бүкіл түрлерін теңдей бөлген. Мына, бірінің ішіне бірі кіріп, қоян­қолтық араласып жатқан әріптердің түрлерін, екі жүзден аса жолдары бола тұра сан қилы мүмкіндіктердің жалғыз әрі жасырын, ақыл жетпейтін бір ғана жолын тауып, барлығын тұп­тура тең екіге бөлу әрі арнасы кең шеңберде сөз сөйлеу адами ақылдың туындысы болуы мүмкін емес. Кездейсоқтық әсте араласа алмайды. Сүрелердің бас жақтарындағы Иләһи құпия сырлардың белгісіндей болған әріптер, осы секілді Құранның тағы басқа бес­алты мұғжизалы сәулесін көрсетумен қатар, әріптердің сырларын зерттейтін ғылым адамдары мен ақиқатшыл әулиелер осы "муқатаат" әріптерінен көптеген мағыналар мен сырлар суыртпақтап шығарғаны сондай, олардың ойынша осы "муқатат" әріптерінің өзі, өз алдына жарқын бір мұғжиза. Бұлардың сырларына маман болмағандығымыздан және оны жалпыға бірдей көз көретіндей етіп дәлелдей алмағандықтан ол құпия есікті ашпаймыз. "Ишарат-ул Иғжазда" осы мәселеге қатысты бес­алты мұғжизалы сәулелері баяндалған. Соған сілтеме жасауды жөн көрдік.


25-Сөз,403-б