Құраным
@kurankerim
Құран дейтін мәңгі өшпес бақи мұғжиза туралы.
18 posts

Cұрақ :“Құранның бір сөзіне қарсы келу мүмкін емес, қарсы келмеген де”. Бұл, асыра сілтеу секілді, ақылға сыймайды. Өйткені адамдар арасында өзара пайдаланатын сөз Құранда да кездеседі, ауыз екі сөз, сөйлемдер бар.Ғұламалар айтқан сөздің астары неде?

Жауабы: Құранның мұғжизалығы туралы екі көзқарас, екі пікір қалыптасқан. Басым көпшілік мойындаған көзқарас мынау:

(Құранға) Ешкім қарсы шықпағанын және қарсыласу мүмкін еместігін қалай білеміз?

Жауабы: Егер қарсы шығу мүмкін болғанда міндетті түрде қарсыласып, тырысып бағар еді. Өйткені қарсыласуға аса мұқтаж болатын. Себебі діндері мен мал-мүлкіне, жандары мен бала-шағаларына қауіп төніп тұрған-ды. Қарсыласып, айтысуына ешбір кедергі де жоқ еді. Егер сөз таластырғанда сөзсіз жақтастар табар еді. Өйткені ол кезде кәпірлер, мұнапық екіжүзділер көп болғандықтан оларды қолдаушылар да дереу табыла кетер еді. Сөйтіп таласқаны жайлы әлемге жар салынып, шартарапқа жайылар еді. Кәпірлердің Ислам дініне күйе жақпақ арам пиғылдары жасырын қалушы ма еді?

Құран мен пәлсапа шәкірттері

Хикмет толы Құранның даналығының жеке өмірге тигізер пайдасын және оның адамның ахлақына, мінез­құлқына, тәрбие­ сіне әсерін пәлсапаның тигізер ықпалымен салыстырып қарайық: Пәлсәпәнің озат шәкірті расында бір перғауын. Бірақ, бас пайдасы үшін ең төмен нәрсеге құлшылық ететін жарамсақ перғауын. Пайдалы бір нәрсе көрсе өзіне Раббы етіп, соған табынуға дайын. Ол дінсіз шәкірт, былай қарағанда қырсық, бір беткей. Алайда, бір ләззат үшін тым қорлыққа көнуге әзір міскін бір қыңыр. Шайтан сықылдылардың кішкентай пайдасы үшін аяғын жалайтын дәрежеде жарамсақтық ететін өте жылпос алаяқтың өзі. Әрі ол дінсіз, қайырымсыз, залым әрі тәкаппар. Бірақ, көңілінде сенетін ешнәрсе болмаған соң негізінде өте әлсіз, дәрменсіз...

Құрандағы Тевафук

1. Кіріспе

Құрандағы әнбиялардың мұғжизалары нені мегзейді?

Құранда әнбиялардың рухани кемелдігін айтып адамзаттың оларды үлгі тұтуларын баяндай келіп, мұғжизалары туралы айтады. Осылайша мұғжизалардың ұқсасына қол жеткізуге, көшіруге ынталандырғандай. Тіпті, рухани кемелдік сияқты заттай кемелдік пен техника, ғылым жаңалықтары да адамзатқа әу баста мұғжиза арқылы сыйланған деп айтуға болады. Расында Хазіреті Нұхтың (ғ.с.) мұғжизасы – кеме, Жүсіптің (ғ.с.) мұғжизасы – сағат болса, осыларды ең алғаш адамзатқа сыйлық еткен олардың мұғжизалары. Бұл ақиқатқа тамаша бір ишара: Өнер адамдарының көпшілігі әрқайсысы өз саласында бір пайғамбарды пір тұтады. Мысалы, кеме жасаушылар Нұх пайғамбарды (ғ.с.), сағатшылар Жүсіп пайғамбарды (ғ.с.), тігіншілер Ыдырыс пайғамбарды (ғ.с.). Зерттеуші ғұламалар мен...

Яхудилерге қатысты Құранның осы екі үкімі

يُذَبِّحُونَ اَبْنَۤاءَكُمْ وَيَسْتَحْيُونَ نِسَۤاءَكُمْ

Құран адамзатқа түскен. Олай болса, неліктен адамзат үшін маңызы зор ғылым жетістіктерін анықтап айтпаған? Неге тек жасырын рәмізбен, кейде мегзеп қана, жай бір ишарамен немесе астарлы ескертумен шектеледі?

Жауап: Өйткені, мәдени жетістіктер мен техника жаңалықтарының Құраннан алар орны, тиесілі ақысы сол ғана болса керек. Себебі, Құранның басты міндеті – Рубубиет алаңының кемелдігі мен Иләhи басқару істерінің сын­сипатын түсіндіру және құлшылық алаңының атқарар қызметі мен хал­ахуалын үйрету. Енді, адамдар ойлап тапқан әлгіндей жаңалықтардың осы екі алаңнан алар орны жәй бір рәміз, кішкене ғана ишара болмақ. Өйткені олар, әлгі Рубубиет алаңынан өзіне тиесілі ақы сұраса, оларға өте шағын, аз үлес қана тиеді.

"Неліктен Құран кейбiр мәселелердi қысқа қайырады. Кейбi­реуiн көпшiлiкке түсінікті оларға жағымды, қарапайым халыққа жеңіл, ақылдарын қинамай өте анық та қарапайы тiлмен жеткiзедi?"

ЖАУАП: "Себебi, пәлсапа ақиқаттың жолынан тайған. Алдыңғы сабақтар мен сөздерден әлбетте мынаны түсiнген боларсың: Құран Хаким жаратылыс атаулыны Аллаhтың көркем есiм­-сипаттарын түсiндiру үшiн тiлге тиек етедi. Яғни, мына әлем атты кiтаптың мағыналарын түсiндiрiп, оның жазушысын, Жаратушысын таныстырады. Демек, болмысқа оның өзi үшiн қарамайды, Жаратушысын таныстыру үшiн назар аударады. Сондай-­ақ, сөзiн баршаға арнайды. Пәлсапа болса болмысқа өзі үшін қарап, өзінен шыға алмай табиғатына батып, шектеліп қалады әрі сө зiн көбінесе оқымысты, білімді топқа арнайды. Міне, Құран Хаким, жаратылысты айғақ, дәлел ретiнде қолданады. Көпшiлiк оңай түсiну үшін айтылған дәлел анық, түсінікті болуы тиіс. Құран...

Қасиетті Құранның ғайыптан хабар беруі

Енді, Қасиетті Құранның ғайыптан хабар беруі жайлы және әр ғасырда өзінің балауса балғындығын сақтап қалуы, сондай­-ақ, адамзаттың әр тобының деңгейіне сәйкес келетіні жайлы. Бұл да өзінше бір мұғжиза, таңғажайып қасиет.

Құран мен сандар

Ескерту: Расул сөзіндегі ұлы сырдың баянында жүз алпыс аят жазылды. Үшбу аяттардың қасиеті өте маңызды болумен қатар, мағына жағынан да бірін-бірі дәлелдеп толықтыратындықтан және мағыналы болғандықтан түрлі аяттарды жаттағысы немесе оқығысы келетіндерге Құрани хизб болуымен қатар, Құран сөзіндегі үлкен сырдың баянында алпыс тоғыз аяттың шешендік дәрежесі өте жоғары және тамаша жеткізілуде. Бұны да екінші бір Құрани хизб ретінде бауырларымызға ұсынуға болады. Тек, Құран сөзі жеті Құран тізбегінде бар, екеуі тыс қалған. Ол екеуі қырағат мағынасында. «Расул» сөзіне келсек, ол сөзбен ең көп байланысты сүрелер Мұхаммед сүресі мен Фатх сүресі болғандықтан сол екі сүремен шектелдік. Олардан тыс қалған Расул сөзі әзірге енгізілмеді...