Құран Хакимнің хикметі мен пәлсәпә ілімі
Құран Хаким мына таңғажайып әлемдегі сырт көзге жәй, қарапайым
нәрсе секілді, ал негізінде керемет те ғажап, әрқайсысы Құдірет мұғжизасы
болып табылатын жаратылыстың ақиқатын көрсетеді. Оны бүркеп тұрған
әдеттілік, үйреншіктілік дейтін перделерді өзінің өткір баянымен кескілеп
жыртып, астындағы ғажайыптарды саналы жандарға ашып, ғибрат
назарын аудартып ақылға таусылмайтын ілім бұлағын ашады.
Пәлсәпә болса, бүкіл таңғажайып Құдірет мұғжизаларын әдеттілік, үй
реншіктілік пердесіне орап надан түрде, немқұрайлы қарап, өтіп кетеді.
Олар ғибрат, хикмет деп, тек таңғажайып тарапы қалмаған, жаратылыс
тәртібінен тысқары, болмысының кемелдігіне нұқсан келген кейбір саны
сирек, жеке тұлғаларға ғана назар аударады. Мұны ғибрат болар хикмет
деп жаhанға жар салады.
Мысалы, өте күрделі, әрі Құдірет мұғжизасы болып табылатын адам
ның керемет жаратылысын жәй, қарапайым санап немқұрайлы қарайды
да, бірақ адамның керемет бейнесінен тыс қалған үш аяқты немесе екі
басты бір адамды көрсетіп, дүниені басына көтеріп, таңғала назарға
ұсынады. Немесе, жалпыға ортақ мол рахымның мұғжизасы болып табы
латын кішкентай нәрестелердің көзге көрінбейтін яғни, ғайып қазынадан
жүйелі түрде азықпен қамтамасыз етілуін әншейін санап, қызықтамай
күпірліктің пердесімен жауып мән бермейді де, бірақ, жүйеден тыс қалрген
бір жәндіктің жасыл жапырақпен қоректенгенін көріп, оған жа салған
Иләhи жарылқау мен жомарттықты айтып, оған куә болған балықшыларды
жылатады.
Міне, Құран Кәрімнің ілімге, хикмет пен Марифеті Иләhиеге яғни
Аллаhты таныстыратын ілімге қаншалықты бай ал, пәлсәпәнің берер ілімі,
ғибраты және әлем Ұстасын таныстыруға келгенде қаншалықты нұқсан
және жеткіліксіз екенін көр, сабақ ал!
Әрі, Құран Хакимде шексіз жарқын, өте терең ақиқаттар мол болған
дықтан өлеңнің қиял бояуларынан таза, оған мұқтаж да емес. Иә, Құран
Кәрімнің асқан реттілігі мен әсем жүйелігі бола тұра әрі мына кітап тәрізді
әлемдегі шебер тәртіп пен өнерді өте жүйелі түрде тәпсірлеп баяндаса да
өлең секілді ұйқас болмауы таңғаларлық жәйт. Олай болуының бір себебі,
жалтжұлт еткен жұлдыздай әрбір аят белгілі бір қалыпқа енбей, дара
тұрады. Осылайша көптеген аяттарға орталық қызметін атқарып, тоғысып
жатады. Бірбірінің ағаінісі секілді және өзара мағынауи байланыстарға
ұйытқы болады. Сөйтіп әлгі кең шеңбердегі аяттарға әрқайсысы көпір,
байланыс көзі болады. Бейне бір еркін тұрған әрбір аяттың басқа көптеген
аяттарға қарайтын өзіндік бір көзі, бағытталған жеке жүзі бар секілді,
іздеген жанға Құранның ішінде мыңдаған Құран табылады. Әрбір мәшреб
иесі яғни ақиқатқа бастар жол салушы кісіге өзіне лайық бір Құран сый
лайды. Жиырма бесінші Сөзде баяндалғандай, "Ықылас" сүресінің
ішінде отыз алты "Ықылас" сүресіне татитын, әрқайсысы көп қанатты,
жанжақты алты сөйлемнен тұратын, тәухид ілімінің қазынасы табылады,
сондайақ ауқымды көп мағынаны қамтиды.
Иә, ол заманнан бері айналаға нұрын шашып келе жатқан және уақыт
өте әркімге таныс ілімге айналған және Исламның басқа да нұрларымен
нұрланған, Құранның Күнімен күндіздей жарық болған бұ заманда тұрып
әлгіндей аяттарға қарар болсаң немесе жәй, ат үсті, үйреншікті назармен
қарасаң, әлбетте әрбір аяттың өзіне тән құндылығы мен өте тәтті зәмзәмдай
иғжазын, оның қою қараңғылықты қалай жойғанын толық көре алмайсың.
Оның көптеген иғжазының арасынан осы аталған иғжазының дәмін тату
қиын болар. Құран Кәрімнің өте жоғары иғжазының яғни адам баласының
қолынан келмейтін таңғажайып баянының дәрежесін көргің келсе, мына
теңеуді тыңда, назарың сал!
Көз алдымызға өте биік әрі таңғажайып, керемет зәулім бір ағаш елес
тетейік. Бірақ ол ағаш көрсетпейтін қалыңдау пердемен жабулы делік.
Өздеріңе мәлім адамның денесі секілді, бір ағаштың да бұтақтары, же
містері, жапырақтары, гүлшешектері өзара байланысып, үйлесімді түрде,
белгілі бір өлшеммен болады. Әрбір бөлшегінің ағаштың түріне қарай бір
пішіні, көлемі, ұзындығы болады.
Міне, осындай ғайып, мүлдем көрінбеген (әлі де көрінбей тұрған) бір
ағаштың үстіндегі пердеге біреу оның пішінін сызып, әр бөлшегіне сай,
дәлмедәл суретін келістіріп, бұтақтан жеміске, жемістен жапыраққа
байланыстыра үйлесімді суретін салса, өзара қашық болған үсті мен
астын, соңы мен басын қосып, арадағы бөліктердің дәлмедәл бейнесін
көрсететіндей сәйкес суреттермен толтырса, әлбетте ол суретшінің әлгі
ғайып ағашты, көреген де өткір көзімен көріп, назарымен толық қамтып,
сосын суретін салғанына әсте күмәнданбайсың.
Дәл сол сияқты, Құран Мұғжизул Баян, жаратылыстың мәнжайы,
ақиқаты туралы – ал, ол ақиқат дүниенің әу бастағы жаратылғанынан
бастап, ақыреттің ең соңғы халыне дейін суреттейді – баяндап жатыр.
Жерден Аспанға, зәрреден сонау Күнге шейін жайылып жатқан "Әлем"
ат ты ағаштың мәнісін баяндайды. Керемет үйлесімді әрі сәйкестікті сақ
тай отырып, әрбір бөлшегіне, әрбір жемісіне лайық бейнесін сызған. Бұған
бүкіл зерттеуші ғұламалар әбден көздері жетіп Құранның мұндай керемет
суреттеуіне: "Машаллаh, Барекаллаh, Әлемнің тылсымын ашып,
жұмбақтарын шешкен жалғыз сенсің о, Құран Хаким!" – деп тамсанған.