сиер
August 21, 2020

Мұхаммед Пайғамбардың (с.а.у) мейірімі мен құлшылық қақпасы.

10-cөз,5-ақиқат

Уа, нәпсіммен бірге тыңдарман достым! Тәмсіл хикаяда: "Анау бір аралда жиналыс өтіп жатыр... Бір Яуер­і Әкрем (Патшаға өте жақын, адал қызметкер) жарлық оқып тұр," – деген болатынбыз. Ол жерде меңзеп отырған ақиқат:

Анығырақ көз жеткізу үшін осы заманнан асып, пікірді қанат жасап,
қиялға мініп бақыт ғасырына, яғни Ардақты Пайғамбарымыздың алтын
ғасырына, Арабстан шөліне саяхат шегейік. Сонау Расул­ы Әкремнің
(Ғаләйhиссалату Уәссәлам) міндетін қалай атқарғанын көріп, қалай
құлшылық жасағанына көз жеткізелік. Оны қызмет басында зиярат етеміз,
яғни, ойша барып қайтайық. Қараңыз! Қалайша Ол – пайғамбарлығымен,
хидаетімен мәңгі бақыттың орнауына басты себепкер болды. Сөйтіп
үмметінің де оған бөленуіне ұйытқы болды. Сол сияқты, өзінің құлдығы
мен дұғасы арқылы да мәңгі бақыттың бар болуына және Жәннаттың
жаратылуына себепші болды.

Міне, қара! Ол Ұлы намазда, қасиетті құлшылық кезінде, мәңгілік
бақыт үшін дұға ететіндігі сонша, бүкіл арал тіпті Жер шары оның ұлы
намазымен намаз оқиды, мінәжат қылады. Өйткені, оның құлшылығы
соңынан ерушіүмметінің құлшылығын толық қамтиды және табысқа
жету тұрғысынан барлық пайғамбарлардың құлшылығының мағынасын
түгелдей қамтиды. Ол Ұлы намазын үлкен жамағаттардың ортасында оқып,
шын ниетімен жалбарынатыны соншалық, бейне бір Адам атадан осы
ғасырға дейінгі, тіпті қиямет қайымға дейінгі нұрлы да кәміл адамдарды
соңына ертіп, сапқа тұрғызып, сүттей ұйытып жасаған дұғасына бір
ауыздан "Әмин" дегізеді. (Сілтеме 13 ) Анықтап назар сал!

Сондай­-ақ Ол, жалпының "мәңгілік" деген арманын қалап, дұға етуде. Ол дұғаны тек Жер шарының тұрғындары ғана емес, Аспан тұрғындары, тіпті болмыс
атаулы жаппай қайталап, оның жалбарынған дұға­ниязына қосылып,
өзіндік хал тілдерімен: "Уа, шіркін! О, Раббымыз! Тілеуін қабыл ал!
Біздің де қалауымыз сол!" – деп жалбарынуда.
Иә, мұқият зер сал! Мәңгі бақытты тартымды әрі жағымды түрде
жалына-­жалбарына, ынтыға сұрап жатқандығы сонша, бүкіл әлемді
күңіренте тербеп, дұғасына қосуда.
Иә, Ол биік мақсат, асқақ арман болып табылатын мәңгі бақытты
тілеп дұға қылуда. Ол арман күллі адамзатты және болмыс атаулыны
Әсфәл­і сафилин деңгейінен, яғни мүлдем жойылудан, азғындықтан,
құн сыз дықтан, пайдасыздықтан, бейшаралықтан сақтап, Ала­й иллиин
дәрежесіне, яғни құндылыққа, мәңгілікке ие болғызады, маңызды міндет
жүктелген қызметшіге, Самәдани хат тәріздес жоғары мәртебеге көтереді.

Апырым­-ай, адамзат атаулыға жетекшілік еткен, жерде тұрып Ғарш­ы
Ағзамға бетін бұрып, қолын жайып, күллі құлшылықты қамтитын
Убудиет­і Ахмедие (Әз Мұхаммедтің құлшылығы) (с.а.у) яғни шынайы
түрде дұға еткен осы бір адамзаттың ардақтысы, заман мен әлемнің
ерекше тұлғасы Фахр­ы Каинат (әлемнің мақтанышы) (с.а.у) не сұрайды?
Ол – өзіне һәм үмметіне мәңгі бақыт тілейді. Мәңгілікті қалап, Жәннатты
сұрайды. Болмыс атаулының жүзінде жамалы жарқыраған киелі Иләhи
есімдерді толығымен тілеп армандайды. Ол есімдерден шапағат тілейді.
Ақыретті нақты талап ететін себептер мен ақыреттің бар екендігіне бұл­
тартпас дәлелдерді есептемегеннің өзінде осы Кісінің (с.а.у) дұғасының өзі
Жәннаттың жаратылуына себеп болуға жетерлік. Жәннаттың жаратылуы
Халиқ­ы Рахимнің құдіретіне көктемді жарату секілді жеп­жеңіл.
(Сілтеме 15 )

Сілтеме 13 : Рас, сонау ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у) мінәжатынан бастап күні бүгінге дейінгі үмметінің айтқан бүкіл салауаттары – оның дұғасына әрдайым "Әмин" сөзі әрі жаппай қолдау болып табылады. Тіпті, оған айтылған әрбір салауат – оның дұғасына же­ке­жеке "Әмин", сондай­ақ үмметінің әрқайсысы әрбір намазда оған арнап салауат пен сәлем айтуы және Шәфи мәзhабындағылар қаметтен кейін арнайы дұға оқуы – оның мәңгі бақытты тілеп жасаған дұғасына өте қуатты, әрі құптау мағынасында "Әмин" деген болып есептеледі. Міне, барлық адамзаттың жаратылысындағы хал тілімен, жан тәнімен қалаған "мәңгілік" → пен "соңсыз бақыт" секілді арманды, бүкіл адамзаттың атынан Ардақты Пайғамбарымыз – Зат­ы Ахмедие (с.а.у) сұраған.. Адамзаттың нұрлы тобы оның соңынан сап түзеп, "Әмин" дейді. Ендеше, мұндай дұғаның қабыл болмауы әсте мүмкін емес!

Сілтеме 15 : Рас, ақыретпен салыстырғанда мүлдем тар, тіпті мына жапырақтай жер бетінде қисапсыз таңғажайып өнер үлгілерін және хашір мен қияметтің шексіз мысалда­рын көрсету сондай­ақ үш жүз мың кітап тәріздес әсем жаратылыстың түрлерін әлгі бір жапыраққа өте жүйелі де тәртіпті түрде жазып орналастыру, әлбетте кең ақырет әлемінде нәзік те әсем Жәннатты жаратудан әлдеқайда қиын. Рас, Жәннат көктемнен қаншалықты жоғары болса, көктемгі бау­бақшалардың жаратылуы да Жәннаттан соншалықты мүшкіл, таңқаларлық дәрежеде деуге болады.


Сөздер-77 бет

reband.ly/sozder