Біріншісі: Хазіреті Пайғамбарымыздың (с. а. у.) Зейнепке үйленуі. Бұрынғы заманның мұнафықтары секілді қазіргі азғындар да Әз Пайғамбарымызды (с.а.у.) мінеп, мұны сөз қылуда. Нәпсіқұмарлықтан туындаған оқиға деп айтады. Бұған не дейсіз?
Жауап: Жаңа Саид он жылдан бері Құраннан басқа кітапқа қарамайды. Маған Құран жетеді дейді. Мұндай мәселелерді зерттеп, бүкіл хадис кітаптарын ақтара отырып ең сенімдісін жазуға уақыт жоқ. Тек айтарым мынау: Пайғамбарымыздың әке-шешесі Жәннаттық жандар. Иманды жандар. Хақ Тағала өзінің ең сүйікті адамының жүрегін және жүрегіндегі перзенттік мейірімін ренжітпейді.
Уа, нәпсіммен бірге тыңдарман достым! Тәмсіл хикаяда: "Анау бір аралда жиналыс өтіп жатыр... Бір Яуері Әкрем (Патшаға өте жақын, адал қызметкер) жарлық оқып тұр," – деген болатынбыз. Ол жерде меңзеп отырған ақиқат:
Расулуллаһ Ғалейhиссалату Уәссаламның ахуалы мен сипаттары, «Сияры нәби», яғни, өмірбаяны жайлы кітаптарда жазылған. Алайда ол кітаптардағы сипаттары мен хал-ахуалының көпшілігі адами жағына көп назар аудартады. Дегенмен осы мүбәрәк Кісінің (с.а.у) рухани жағына, Оның (с.а.у) тап-таза жан дүниесі мен асқақ та нұрлы рухына баса назар аударған жөн. Өмірбаяны мен тарих кітаптарында баяндалған сипаттары әлгіндей жоғарғы дәрежелі асқақ абыройын суреттеп, лайық бейнесін бере алмайды. Өйткені, اَلسَّبَبُ كَالْفَاعِلِ яғни, бір іске себеп болған адам ол істі атқарғанмен тең дегендей, Пайғамбарымыздың (с.а.у) амал дәптеріне әр сәтте барлық үмметінің ғибадаттарының мөлшеріндей ғибадат, сауап...