мұғжиза
July 17, 2020

Пайғамбардың сұхбаты

Ардақты Пайғамбарымыздың сұхбаты эликсир секілді болатын. Оның сұхбатына бір минут қатысқан адам ақиқаттың нұрына бөленіп шыға келетіні сондай ол дәрежеге біреулер жылдар бойы еңбектенсе жете алмас еді. Өйткені, оның сұхбатында боялу, шағылысу жүзеге асатын. Кімде­кім оның нұрына өзін бағыттап тура ұстаса шағылысатын, оған мойынсұну арқылы ізінен ерсе әлгі ұлы пайғамбарлықтың нұрымен ең жоғары мәртебеге көтеріле алатын. Мәселен, бір сұлтанның қызметкері
оның айтқанын істеп, мойынсұнуы арқылы көтерілген дәрежеге бір шах
көтеріле алмасы анық. Міне осы сырға байланысты ең үлкен әулиенің өзі
сахабаның дәрежесіне жете алмайды. Тіпті, түсінде емес өңінде бірнеше рет Пайғамбарымыздың сұхбатына қатысқан Желаледдин Суюти се кілді әулиелер Пайғамбармен (с.а.у.) ұйқыда емес ояу отырып әрі мына әлемде сұхбатына қатысу абыройына бөленсе де бәрібір сахабаларға жете алмаған. Өйткені сахабалардың Пайғамбармен (с.а.у.) сұхбаты оның нұрымен байланысты болатын, яғни оны пайғамбар ретінде көріп сұхбат тасты.
Әулиелер болса Пайғамбар (с.а.у.) қайтыс болғаннан кейін оның әулиелік
нұрымен сұхбаттасады.

Демек, Пайғамбарымыздың (с.а.у) олардың назарларына шағылысып көрінуі Оның (с.а.у) пайғамбарлық тұрғысынан емес, әулиелік жағымен болып отыр. Олай болса, пайғамбарлық дәрежесі әулиелік дәрежеден қаншалықты жоғары болса әлгі екі сұхбат арасындағы айырмашылық та соншалықты өзгеше. Пайғамбарымыздың (с.а.у) сұхбатының қаншалықты
әсерлі екенін мынадан­ақ білуге болады. Өзінің туған қызын тірідей
көметін дәрежеде қатыгез де жабайы бір бәдәуи, ардақты Пайғамбармен
бір сағат сұхбаттасып кейін құмырсқаның өзін баспайтындай жүрегі жұм­
сап мейірімді болып шыға келетін. Түк ұқпайтын надан, жабайы біреу
Пайғамбарымызбен (с.а.у) бір күн сұхбатына қатысқан соң Қытай, Үндістан
секілді мемлекеттерге барып, сол мәдени халыққа ақиқат пен кемелдік
тұрғысынан ұстаз, көшбасшы болып жетекшілік етті.


546-б/27-сөз