Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссаламның ахуалы, сын-сипаттары «Сияр-ы Нәби», яғни, өмірбаяны жайлы кітаптарда жазылған. Алайда ол жердегі сипаттаулар мен хал-ахуалының басым көпшілігі адами жағына назар аудартады. Ал, Ол мүбәрәк Кісінің (с.а.у) рухани ахуалына, мағынауи жағына, тап-таза мөлдір жан дүниесіне, асқақ мінезіне, нұрлы рухына баса назар аударған жөн. Өмірбаяны мен сияр кітаптарында баяндалған сипаттары оның жоғарғы дәрежелі асқақ абыройын толық суреттеп, лайық бейнесін сызып бере алмайды. Өйткені, кімде-кім бір іске себеп болса ол оны атқарғанмен тең дегендей, Пайғамбарымыздың (с.а.у) амал дәптеріне әрқашан бүкіл үмметінің жасаған жаппай ғибадат құлшылықтарының шамасындай сауап, ғибадат жазылуда. Аллаhтың шексіз мейіріміне...
Раббымызды бізге таныстыратын үш керемет таныстырушы бар. Бiрiншiсi – алып кітап тәрізді мына ғалам. Бұл жа йында, он үш Лема түрiнде арапша жазылған Нұр шығармаларының Он үшiншi сабағында тыңдадық. Екiншiсi – әлгі ұлы кiтаптың ең ұлы аяты болып саналатын соңғы Пайғамбар Мұхаммед (с.а.у). Үшiншiсi – Ұлы да қасиетті Құран Кәрім. Ендiгi кезекте, Аллаhтың аяттарын тiлмен жеткiзушi, ұлы куәгер, соңғы пайғамбар Мұхаммедті (с.а.у) тануымыз, тыңдауымыз керек. Оның рухани тұлғасына бір сәт назар аударайық. Оған Жер жүзi – мешiт. Мекке – михраб. Мәдина – минбер. Әлгі адал да ардақты Мұхаммед пайғамбар (с.а.у) барлық имандыларға имам. Сөзін бүкіл адамзатқа арнаған баяндамашы. Күллі пайғамбарлардың көсемi. Барлық...
Ардақты Пайғамбарымыздың сұхбаты эликсир секілді болатын. Оның сұхбатына бір минут қатысқан адам ақиқаттың нұрына бөленіп шыға келетіні сондай ол дәрежеге біреулер жылдар бойы еңбектенсе жете алмас еді. Өйткені, оның сұхбатында боялу, шағылысу жүзеге асатын. Кімдекім оның нұрына өзін бағыттап тура ұстаса шағылысатын, оған мойынсұну арқылы ізінен ерсе әлгі ұлы пайғамбарлықтың нұрымен ең жоғары мәртебеге көтеріле алатын. Мәселен, бір сұлтанның қызметкері оның айтқанын істеп, мойынсұнуы арқылы көтерілген дәрежеге бір шах көтеріле алмасы анық. Міне осы сырға байланысты ең үлкен әулиенің өзі сахабаның дәрежесіне жете алмайды. Тіпті, түсінде емес өңінде бірнеше рет Пайғамбарымыздың сұхбатына қатысқан Желаледдин...
Ирһасат деп аталатын, пайғамбарлық міндеті жүктелмей тұрғанда пайғамбарлығымен қатысты кәраматтары да пайғамбарлығының дәлелі болып табылады. Бұл да үш бөлімнен тұрады.
ЕСКЕРТУ: Миғраж мәселесі иман негіздерінің шарттары орныққан соң келетін нәтиже. Ол иман шарттарының нұрынан пайда болатын жарық. Иман негіздерін қабылдамайтын дінсіз кәпірге әрине мұны дәлелдеу қиын болар. Себебі, Аллаһты танымайтын, Пайғамбарды білмейтін, періштені мойындамайтын яки жеті қабат көктің бар екеніне сенбейтін адамға миғраж туралы айтып қажеті жоқ. Әуелі, оған иман шартты дәлелдеу керек болар. Олай болса біз, миғраж туралы айтқанда ақылына сыймай күмәнданып жүрген мүминді назарға алып сөзімізді соған арнаймыз. Кейде ғана тыңдарман ретіндегі діннен безушімен сөйлесеміз. Кейбір кітаптарымда миғраждың мәнжайын баяндаған болатынмын. Бауырларымның өтініші бойынша, әр жерде шашырап жүрген әлгі нұрлардың ақиқаттарын бір негізге...
Хазреті Мұхамедтің (с.а.у) мұғжизалары екі түрге бөлінеді. Біріншісі: «Ирһасат» деп аталатын пайғамбарлық келмей тұрғанда және дүниеге келген кезінде болған таңғажайып оқиғалар. Екіншісі: Пайғамбарлығына қатысты басқа да дәлелдер. Бұл да екі бөлімнен тұрады. Біріншісі: Пайғамбарымыз қайтыс болғаннан кейін оның пайғамбарлығына дәлел боларлық таң ғажайып оқиғалар. Екіншісі: Бақыт ғасырында, яғни, өзі өмір сүрген кезінде болған ғажайып оқиғалар. Бұл екінші бөлімді де екіге бөлуге болады. Біріншісі: Өз бойында, жан дүниесінде және сырт көрінісінде, мінез-құлқы мен кемелділігінде байқалған пайғамбарлық дәлелдер. Екіншісі: Әлемдегі, құбылыстарда көрінген мұғжизалар. Бұл екінші түрін де екіге бөліп қарастырамыз. Біріншісі: Мағынауи (рухани)...