мұғжиза
July 22, 2020

Мұхаммедтің (с.а.у) қасиеттері.

Раббымызды бізге таныстыратын үш керемет
таныстырушы бар. Бiрiншiсi – алып кітап тәрізді мына ғалам. Бұл жа­
йында, он үш Лема түрiнде арапша жазылған Нұр шығармаларының Он
үшiншi сабағында тыңдадық. Екiншiсi – әлгі ұлы кiтаптың ең ұлы аяты
болып саналатын соңғы Пайғамбар Мұхаммед (с.а.у). Үшiншiсi – Ұлы да
қасиетті Құран Кәрім.
Ендiгi кезекте, Аллаhтың аяттарын тiлмен жеткiзушi, ұлы куәгер, соңғы
пайғамбар Мұхаммедті (с.а.у) тануымыз, тыңдауымыз керек. Оның рухани
тұлғасына бір сәт назар аударайық.
Оған Жер жүзi – мешiт. Мекке – михраб. Мәдина – минбер. Әлгі адал да ардақты Мұхаммед пайғамбар (с.а.у) барлық имандыларға имам. Сөзін
бүкіл адамзатқа арнаған баяндамашы. Күллі пайғамбарлардың көсемi.
Барлық әулиелердiң сұлтаны. Әнбия мен әулиелерден құралған зiкiр
алқасын ұйымдастырушы. Ол – бiр нұрлы ағаш. Барлық әнбия оның тірі
тамырлары. Бүкiл әулиелер оның балауса жемiстерi. Мұғжизаларына
сүйенген барлық пайғамбарлар мен керемет көрсететін әулиелер, Оның
көтерген мәселелерін толығымен қуаттап, растауда. Өйткені Ол: لا إله إلا ٱلله
деп, ортаға маңызы зор мәселе көтерген. Оны оңы мен солы, яғни өзінен
бұрынғылар мен кейінгілер сап түзеп, нұрлы зiкiршiлер секілді алқа
болып, ортаға алып, айтқан сөзін қайталап, бiр ауыздан "дұрыс айттың,
нағыз шындықты айттың" деп жатыр. Осындай сансыз қолдау көрген
мәселелерге қандай шүбә күмән келтіре алады.


19-сөз/254-б