сиер
July 9, 2020

Сияры нәби туралы

19-мектуб

Расулуллаһ Ғалейhиссалату Уәссаламның ахуалы мен
сипаттары, «Сияры нәби», яғни, өмірбаяны жайлы кітаптарда жазылған.
Алайда ол кітаптардағы сипаттары мен хал-ахуалының көпшілігі адами жағына көп назар аудартады. Дегенмен осы мүбәрәк Кісінің (с.а.у) рухани
жағына, Оның (с.а.у) тап-таза жан дүниесі мен асқақ та нұрлы рухына
баса назар аударған жөн. Өмірбаяны мен тарих кітаптарында баяндалған сипаттары әлгіндей жоғарғы дәрежелі асқақ абыройын суреттеп, лайық бейнесін бере алмайды. Өйткені, اَلسَّبَبُ كَالْفَاعِلِ яғни, бір іске себеп
болған адам ол істі атқарғанмен тең дегендей, Пайғамбарымыздың (с.а.у)
амал дәптеріне әр сәтте барлық үмметінің ғибадаттарының мөлшеріндей
ғибадат, сауап жазылуда. Аллаhтың шексіз мейіріміне ауқымды түрде
бөленуде. Сонымен қатар, күн сайын сансыз үмметінің сансыз дұға-
тілектерін алуда. Және Әлемнің көркем нәтижесі, ең кәміл жемісі, жаратқан
Жаббардың аудармашысы, тілмашы және сүйіктісі болған осы мүбәрәк
Кісінің (с.а.у) бүтіндей болмысы мен кемелдігінің дәрежесін тек өмірбаянын
ғана оқып, адами хал-ахуалына қарап лайық бағасын беру мүмкін емес.


Мысалға айталық, Бәдір соғысында, екі жағында екі періште Хазреті
Жәбірейіл мен Микаил оққағар қызметін атқарған мүбәрәк Кісі (с.а.у) бірде
базарда бәдәуи бір арабпен ат саудасында айтысып қалуы, сөйтіп, куәгер
іздеп, жалғыз Хузейфиені ғана табуы сырт көзге әлгіндей ұлықтығымен
үйлеспейді. Сондықтан, осындай қате ой болмау үшін әрқашан адами
болмысы туралы естіген сәтте қарапайым сипаттарынан назарды жоғары
ұстап, нағыз болмысына, яғни, Пайғамбарлық мәртебесіндегі нұрлы
да рухани кемел болмысына қараған дұрыс. Әйтпесе, құрметіне сызат
түседі немесе күдік пайда болады. Бұл сырды түсіну үшін мына мысалға
назарыңды сал!

Мысалға, бір құрма ағашының дәнегін алайық. Дән топыраққа
егілгеннен кейін, өсіп-өніп ол үлкен жеміс ағашына айналады. Уақыт өте
келе бұтақтары тарам-тарам болып жайқала өседі. Немесе тауыс құсының
бір жұмыртқасын алайық. Жұмыртқаға жылу беріліп, одан тауыстың бір
балапаны шықты. Енді тұла бойы құдіретпен сәнделген, әсем де кәміл бір
тауыс құсы пайда болды. Әрі барған сайын көріктеніп, құлпыра түседі. Әлгі дәнектің немесе жұмыртқаның өзіне тән заттық сипаттары, күй-жағдайлары
өзіндік ерекшеліктерге ие болады. Бірақ одан шыққан ағаш пен құс, дәнек
пен жұмыртқаның қарапайым сипаттарымен салыстырғанда әлдеқайда
асқақ әрі құнды да ерекше. Сөйтіп, әлгі дәнек пен жұмыртқаның сипаттары
ағаш пен құстың сипаттарымен аралас айтылған кезде тыңдарманның
назары дәнекке емес ағашқа, жұмыртқаға емес құсқа ауып солайша бағалап
мән берілуі қажет. Сонда ғана сипаттама орынды болып ақылға қонады.
Әйтпесе, «бір грамм дәнектен мың батпан құрма алдым» немесе «мына
жұмыртқа құстардың ең әдемісі» десе, ақылға симай, сену қиын болар еді.

Міне, сол сияқты Расулуллаһтың (с.а.у) адами болмысы оның өмірбаяны
әлгі дәнекке немесе жұмыртқаға ұқсайды. Ал, атқарған Пайғамбарлық ұлы міндеті жағы мен жарқыраған нұрлы жан-дүниесі, рухани болмысы болса, Жаннаттағы Туба ағашы мен бақыт құсы тәрізді әрдайым кемелденіп, құлпыра түсуде. Сол үшін базарда бір арабпен айтысқан Кісіні (с.а.у)
ойлаған кезде, дереу, Ол - Пыраққа мініп, Жәбірейіл (а.с.) періштені артта
қалдырып, Қабы Кәусейінге самғап ұшқан нұрлы Кісі (с.а.у) деп, қиялды
шарықтатып, назарды асқақтату қажет. Әйтпесе, құрметсіздік жасаған болады яки менмен нәпсі күмінмен қарайды.


92-бет