мираж
March 9, 2021

Ол кісі әлемнің дәнегі дегенді қалай түсінеміз. Ғалам оның нұрынан жартылды дейді ғой? Һәм ғаламның ең соңғы және нұрлы жемісі дегенді қалай түсінеміз?

Уа, тыңдарман мақамындағы адам!
Осы қойып отырған екінші сауалыңның ақиқаты өте терең, мағынасы тым
ауқымды. Ауқымдылығы сондай қамтуға ақыл жетпейді тіпті жақындау
қиын. Тек, қана иман нұрымен көруге болар. Бірақ, біз кейбір мысалдама
арқылы ол ақиқатты ақылға жақындатуға тырысамыз. Олай болса, шамалы
болса да жақындатуға әрекет жасап көрелік.
Міне, мына ғаламға хикмет назарымен қарағанымызда ол алып бір
ағашқа ұқсайды. Өздеріңе мәлім, бір ағаштың тал бұтақтары, жапырақ
пен гүлдері, жемістері болады. Енді мына жаратылыс атты ағаштың да бір
бөлігі саналатын суфли әлемінің яғни кішігірім әлемдердегі ұсақ бөлшектер
оның тал бұтақтары, өсімдіктер мен ағаштар оның жапырақтары ал, жан­
жануарлар гүлдері, адам болса жемістері тәрізді. Сани­ы Зүлжәлалдың
өсімдік пен ағаштарға қатысты заңы әлбетте мына алып ағашта да жүруі
керек, оны Хаким (өте дана) есімі талап етеді. Олай болса, хикметтің
талабына сай мына алып ағаштың да бір дәннен шығуы бір заңдылық.
Ол дән, шаһәдат әлемінен яғни мына көзге көрінетін заттық әлемнен
басқа өзге де әлемдердің үлгі-­нұсқаларын, негіздерін қамтитындай аса
ерекше мазмұнды болуы керек. Өйткені, мыңдаған сан­алуан әлемдерді
қамтитын ғаламның асыл тұқымы, қайнар көзі, бұлағы әлбетте мына көз
алдымыздағы жәй, бір құрғақ бір зат болуы мүмкін емес.

Мына ғалам ағашы жаратылмай тұрып, оның алдында, бұдан бұрын
бір ғалам яғни басқа ағаштың жаратылмағаны рас. Олай болса, мұның
қайнар көзі боларлық, дән­тұқымы тәріздес мағына мен нұр, келешекте қайтадан ғалам ағашының жемісі секілді қапталып, бір бейне бір киім киюі
керек. Мұны тағы сол Хаким есімі қажет етеді. Себебі, дәнек, әрдайым жалаң түрде болмайтыны белгілі. Әу баста жаратылғанда жеміске тән
киімге оранбаған екен, әлбетте ақырында ондай киімді киетін болады.
Ол жемістің адамзат екені даусыз. Әрі адамзат ішінде жоғарыда аталып,
дәлелденгеніндей ең тамаша да мәшһүр, танымал жеміс, аса ғажап миуа
және баршаның назарын өзіне еріксіз аударған сондай­ақ, жер шарының
жартысын, адамзаттың бестен бір бөлігінің назарын өзіне арнатып, рухани
кемелдігімен әлемді таңғалдырып, қызықтырып көзге түскен жеміс
кім десеңіздер, Ол – ардақты МҰХАММЕД ғаләйһиссалату уәссалам.
Әлбетте, ғаламның жаратылуына ұйытқы болар нұр, оның бойында және
ол ең соңғы жеміс ретінде көрінген, көрінеді де.

Әрі жоғарыда дәлелденгені секілді мына ғаламның Иесі, бірінші
сұрақтың жауабында айтылғанындай биік мақсаттар үшін ғаламды бір
сарай бейнесінде жасаған, безендірген. Ол мақсаттардың өзегі Мұхаммед
(с.а.у) болғандықтан, яғни ұлы мақсаттардың орындалуы сол Кісіге
тікелей байланысты болғандықтан ғалам жаратылмай тұрып ғалам
Иесінің қамқорлық назарында болуы, ең бірінші әсер алушы, нұрға
бөленуші болуы тиіс. Себебі, бір нәрсені жасар кезде оның нәтижесі алдын
ала ойластырылады. Демек, дене тұрғысынан ең соңғы, ал мағына тұрғысынан ең алғашқысы. Негізінде Мұхаммед (с.а.у) өте тамаша да
толыққанды жеміс әрі барлық жемістердің өзегі, құндылығын арттырушы
әрі бүкіл киелі мақсаттардың орындалуына басты себеп, ұйытқы
болғандықтан ең алғаш жаратылған Оның нұры болуы тиіс.