Пайғамбарым
@muhammedmustafa
Бұл жинақта ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у) Хақ Пайғамбар екенін дәлелдер баяндалады.
28 posts
мираж

Ол кісі әлемнің дәнегі дегенді қалай түсінеміз. Ғалам оның нұрынан жартылды дейді ғой? Һәм ғаламның ең соңғы және нұрлы жемісі дегенді қалай түсінеміз?

Уа, тыңдарман мақамындағы адам! Осы қойып отырған екінші сауалыңның ақиқаты өте терең, мағынасы тым ауқымды. Ауқымдылығы сондай қамтуға ақыл жетпейді тіпті жақындау қиын. Тек, қана иман нұрымен көруге болар. Бірақ, біз кейбір мысалдама арқылы ол ақиқатты ақылға жақындатуға тырысамыз. Олай болса, шамалы болса да жақындатуға әрекет жасап көрелік. Міне, мына ғаламға хикмет назарымен қарағанымызда ол алып бір ағашқа ұқсайды. Өздеріңе мәлім, бір ағаштың тал бұтақтары, жапырақ пен гүлдері, жемістері болады. Енді мына жаратылыс атты ағаштың да бір бөлігі саналатын суфли әлемінің яғни кішігірім әлемдердегі ұсақ бөлшектер оның тал бұтақтары, өсімдіктер мен ағаштар оның жапырақтары ал, жан­ жануарлар гүлдері, адам...

Осы ұлы Миғраж неліктен араб Мұхаммедке (с.а.у) тиесілі?

Жауап: Бірінші сауалыңа келер болсақ, ол жайында отызға жуық Сөз­ дерде егжей­тегжейлі баяндалған болатын. Әзірге тек Ахмедтің (с.а.у) жеке басының кемелдігіне қысқаша тоқталып әрі Пайғамбарлық дәлелдеріне, сондай­ақ ұлы Миғражға ең лайық Сол екеніне тұжырымдар секілді қысқа­нұсқа баяндап өтеміз. Былайша:

Иә, болуы мүмкін, болған шығар. Бірақ әрбір мүмкін нәрселер бола бермейді ғой. Бұған ұқсас оқиға болған ба? Ұқсасы болмаған бір нәрсені болуы мүмкін деп, оны болған оқиға секілді қарауға бола ма?

Бұған айтарымыз: Оның ұқсастарының көптігі сондай санау мүмкін емес. Мәселен, әрбір назар иесі көзімен жерде тұрып Нептун ғаламшарына бір секундта барады. Әрбір ілім иесі ақылымен астраномия заңдарына мініп жұлдыздардың арғы жағына бір минутта жетеді. Әрбір иман иесі намаздағы іс­-әрекеттер мен шарттарына ой­-пікірін мінгізіп, белгілі бір мағынада миғраж арқылы ғаламды артта тастап құзырға шығады. Әрбір жүрегі пәк, жаны кәміл әулие сейр­і-сулук арқылы ғарыштан және иләһи есім мен сипаттың шеңберінен қырық күнде жүріп өтеді. Тіпті, шейх Гәйлани, Имам Раббани сынды ірі тұлғалардың айтуынша бір минутта ғарышқа дейін рухпен ұшып көтерілген. Сондай-­ақ, болмысы нұрлы періштелер...

"Бірнеше минуттың ішінде мыңдаған жылдық жолды жүріп өту ақылға сыйымсыз дүние?!"

Біздің жауабымыз: Аллаһ Тағаланың өнерінде, жаратуында қозғалыс, әрекет деген ұғым неше түрге бөлінеді. Мәселен, дыбыстың жылдамдығы мен жарық, электр, рух, қиял жылдамдықтары бір­біріне ұқсамайтыны белгілі. Ғаламшарлардың да қозғалыстары пәннің айтуынша неше түрлі екені сондай ақыл аң­таң. Апырм­ай, Расулуллаһтың жеңіл де көркем денесі көкке көтерілгенде өте жылдам рухының ізінен еріп кеткен, оның жылдамдығы рухпен бірдей десе неге ақылға сыйымсыз болсын? Өзің де он минөт ұйықтасаң кейде бір жылдық жағдайға куә боласың, солай емес пе? Тіпті, кейде бір минутта көрген түсіңді, ондағы естігендеріңді, сөйлеген сөздеріңді оянған кезде бірін қалдырмай айта бастасаң бір күн, тіпті одан да көп уақыт керек...

"Жарайды, шығуы мүмкін дейік. Неліктен шығуы керек? Не қажеті бар? Әулиелер секілді рухымен, қалбымен барса жетпес пе еді?"

Бұған жауабымыз: Сани­ы Зүлжәлал өзінің мүлк пен мәләкут әлемде­ ріндегі ғажайып аяттарын көрсеткісі келген екен, әрі мына әлемнің бұлағын, қайдан шыққанын тамашалатқысы келген екен, әрі адамзаттың жасап жатқан амалдарының о дүниедегі нәтижелерін көрсеткісі келген екен. Әлбетте, бейне әлемінің кілті тәріздес көзін, дыбыс әлемін ашатын құлағын ғарышқа дейін бірге алып баруы қажет еді. Сондай­ақ, рухтың шексіз міндет атқаруына ұйытқы болар және сезім мүшелер орналасқан мүбарак денесін де ғарышқа дейін апаруын ақыл мен хикмет талап етеді. Қалайша жұмақта Иләһи хикмет денені рухқа серік қылған. Себебі, сансыз құлшылық міндетін атқаруға, шексіз ләззаттар мен қайғыларға ұйытқы болатын мына дене болып...

"Адам зор қиын- шылықпен ұшақ арқылы бір-екі шақырым ғана көтерілу мүмкін. Қалайша бір адам денесімен жаяу жүрсе мыңдаған жылдық қашықтықты бірнеше минуттың ішінде жүріп өткен?"

Біз оған былай дейміз: Жер шары секілді салмағы ауыр бір денеге назар аударайық. Пәннің айтуынша өз осьінде ол бір минутта шамамен жүз сексен сегіз сағаттық жолды жүріп өтеді. Бұл деген жаяу жүріспен жиырма бес мың жылдық жолды бір жылда жүріп өтеді деген сөз. Апырм­-ай, оған осы жүйелі қозғалысты жасатып отырған әрі оны шыр көбелек айналдырған Қадир­і Зүлжәлал, бір адамды ғарышқа шығара алмайды деймісің? Күннің тартылыс күші деп аталған Раббани заңмен айналасында өте ауыр денелерді, ғаламшарларды кездіріп отырған Иләһи хикмет, өзің ойлашы, Рахманның рахымды тарту күшімен және Шәмс­і Әзәлидің махаббат күшінің тартуымен бір адам денесін найзағай жылдамдығымен көзді ашып жұмғанша өзінің...

"Мен аспанның қабат­қабат екеніне сенбеймін, періштелердің бар екеніне де сенбеймін. Сондықтан, сол аспанда біреудің кезгеніне, періштелермен көріскеніне қалай сенемін?".

Иә, сен секілді ақылы көзіне түсіп кеткен, көзі болса перделеніп қал­ ған адамдарға бір нәрсе түсіндіру, көрсету әлбетте қиынның қиыны. Дегенмен, хақ пен ақиқаттың жарқындығы сондай соқырлар да көре алатын болғандықтан біз де сөзімізді былай жалғастырамыз: Көктегі кеңістік "эсирмен" толы екені бір ауыздан мақұлданған мәселе. Жарық, электр, жылу секілді нәзік те әрдайым қозғалыста болатын ағым­ дағы заттар әлгі кеңістікте толып тұрған бір заттың бар екенін яғни ол жерлер бос емес екенін дәлелдейді. Жемістер өзінің өсіп тұрған ағашының болмысын көрсетіп, гүлдер де өзінің топырағын, тұқым­дәндер де шыққан егіс алқабын, ал балықтар өзі жүзіп жүрген теңізін көрсететіні секілді мына жұлдыздар...

"Барлығына бәрінен жақын Аллаһ Тағаламен мың даған жыл ұзақ қашықтықты жүріп өтіп, жетпіс мың пердені ашқаннан кейін көрісті дейсің. Бұл түсініксіз жәйт. Бұған қалай сенуге болады?"

Рас, Аллаһ Тағала барлық затқа бәрінен де жақын. Бірақ, барлық зат Одан шексіз алыс. Мәселен, Күннің санасы болып сөйлей алатын болса, сенің қолыңдағы айна арқылы сенімен сұхбаттасар еді. Қалағанынша саған әсер етіп үкімін жүргізер еді. Тіпті, ол саған оны шағылыстырып тұрған көзіңнің қарашығынан да жақын болар. Әйтседе, сен одан төрт мың жыл алыс екеніңді білетін шығарсың. Ешбір тұрғыдан оған жақындап әсер ете алмайсың. Егер биіктеп жоғары көтерілсең, Айдың мақамына шығып, тікелей көрісе алатын жерге жетсең ғана оған тек бір мағынада айналық етесің яғни шағылыстыра аласың. Сол секілді Шәмс­і Әзәл уә Әбәд боп табылатын Зат­ы Зүлжәлал, барлық нәрсеге бәрінен де жақын бола тұра, барлық зат Одан шексіз алыс...