мираж
March 10, 2021

Жоғары да айтып өттіңіз, биік әлемге, көкке көтерілуінің себебі, жер шарындағы жаратылыстың қайнар көздерін, асыл бұлағын, жасалып жатқан жерлерін, өндіріс орындарын және олардың нәтижелерінің жиынтығын көру дедіңіз. Мұны қалай түсінем?

31-сөз

Ол сауалыңыздың жауабы сондай терең, біз секілді ойы саяз кісілердің миы жетпейді, қамти алмайды. Дегенмен алыстан қарап көрейік.


Иә, мына кішік әлемнің рухани өндіріс орындары және оның жалпыға
ортақ басқару заңдары ұлық әлемдерде орналасқан яғни бұл дүниедегі
заттар мен құбылыстар о дүниеде жасалып, сол жақтан әзірленіп ке­леді деген сөз. Ғажайып көрме тәріздес жер шарындағы сансыз мақұ­лықтарының істеген амалдарының нәтижелері, жын мен адамзаттың іс­-әрекеттерінің жемістері әлгі жоғарғы рухтар әлемдерде көрініс табады.
Тіпті жасалған жақсылықтар Жәннаттың жемістері түрінде, ал жаман­дықтар Жәһаннамның қап­қара, ащы жемістері бейнесіне енетіні көптеген
белгі­-нышандармен және ол туралы айтылған риуаяттардан белгілі. Бұл
ғаламның хикметі мен Жаратқанның Хаким есімінің талабы болуымен
қатар Дана Құранның ишаралары да осыны көрсетеді.
Рас, жер жүзіндегі жаратылғандардың саны өте көп әрі олар тарам­
тарам боп әр тарапқа жайылып кеткендігі сонша, бүкіл ғаламдағы жаратылыстан әлдеқайда түр жағынан да, сан жағынан да асып түседі.
Һәм олар әрдайым өзгеріп отырады, келеді ­кетеді, бір орында тұрмайды.
Міне, осы кішкене әрі саны көп мақұлықтардың қайнар бұлақтары мін­детті түрде Иләһи күллі заңдар мен есімдердің шағылыстары, әсерлері
болып табылады. Осы ауқымды заңдардың, манағы жалпыға бірдей әсер
етіп тұрған құдіреттің, һәм ауқымды күллі есімдердің айналары, һәм
олардың шағылысатын жерлері, белгілі бір дәрежеде қарапайым, өте таза,
пәк және олардың әрқайсысы бір әлемнің ғарышы, шатыры әрі бір-­бір
әлемнің басқару орталығы болып табылатын сәмауаттың яғни жеті қабат
көктің, бірнеше аспанның міндетті түрде болуы тиіс. Ондай әлемдердің
бірі Сидрет­үл Мүнтәхада орналасқан "Мәуә" деп аталатын Жәннат. Жерде
жасалған "тәсбихат", "тахмидат" яғни Аллаһты пәктеп, дәріптеп, мадақтап
айтылған сөздері әлгі жәннаттың жемістері түрінде көрініс табады. Мұны
Ардақты Пайғамбарымыз хабарлаған­ды.