мираж
March 5, 2021

"Бірнеше минуттың ішінде мыңдаған жылдық жолды жүріп өту ақылға сыйымсыз дүние?!"

31-сөз

Біздің жауабымыз: Аллаһ Тағаланың өнерінде, жаратуында қозғалыс,
әрекет деген ұғым неше түрге бөлінеді. Мәселен, дыбыстың жылдамдығы мен жарық, электр, рух, қиял жылдамдықтары бір­біріне ұқсамайтыны белгілі. Ғаламшарлардың да қозғалыстары пәннің айтуынша неше түрлі
екені сондай ақыл аң­таң. Апырм­ай, Расулуллаһтың жеңіл де көркем
денесі көкке көтерілгенде өте жылдам рухының ізінен еріп кеткен, оның
жылдамдығы рухпен бірдей десе неге ақылға сыйымсыз болсын? Өзің
де он минөт ұйықтасаң кейде бір жылдық жағдайға куә боласың, солай
емес пе? Тіпті, кейде бір минутта көрген түсіңді, ондағы естігендеріңді,
сөйлеген сөздеріңді оянған кезде бірін қалдырмай айта бастасаң бір күн,
тіпті одан да көп уақыт керек болар. Демек, бір ғана уақыт тілімі екі адамға екі түрлі көрінеді, біреуіне бір күн болса, біреуіне бір жыл секілді болуы ғажап емес.

Осы мағынаға бір мысалдамамен қарайық. Адамның қозғалу жыл­
дамдығы, оқтың ұшу жылдамдығы, дыбыс, электр мен рухтың, қиялдың
жылдамдығы әртүрлі. Осындай сан­алуан жылдамдыққа өлшем болсын
деп көз алдымызға бір сағат елестетелік. Оның он тілі бар. Бірі сағатты
көрсетсе, бірі одан алпыс есе кең шеңбердегі минутты көрсетеді. Бірі, одан
да алпыс есе кең шеңберлі секундтарды, енді бірі одан да алпыс есе кең
"салиселерді", тағысын тағы "рабиаларды", "хамисе", "садисе", "сабиа", "самине", "тасиа" болып кете беретін өте ұсақ уақыт өлшемдерді, сонау
"ашираларды" санайтын өте тәртіпті, өте алып үлкен шеңберде өзіндік
жеке­жеке тілдер бар деп ойлайық.

Мысалға сағатты санайтын тілдің шеңбері кәдімгі қол сағатымыз
секілді болса, енді ашираларды яғни ең соңғы шеңберді санайтын тілдің
шеңбері жер шарының бір жылдық айналу шеңбері, бәлкім одан да кең
болуы мүмкін. Қазір біз көз адлымызға екі кісіні елестетелік. Біреуі сағатты
санайтын тілге мініп, сол тілдің жылдамдығымен айналаны тамашалап
отыр. Екіншісі болса, "ашираларды" санайтын тілге мініп алған. Осы екі
кісінің бір уақытта көрген дүниелерін егер салыстырар болсақ, сағаттың
шеңбері мен жердің жылдық шеңбері секілді көрінген дүниелер де әртүрлі
болар еді. Міне уақыт, жалпы уақыт дегеніміз қозғалыстың бір түрі немесе
бір тілімі тәрізді. Сондықтан, жылдамдық пен қозғалыстағы айрымашылық,
өзара сәйкессіздік уақытқа да қатысты. Міне, бір са ғат та көрген­білгеніміз
әлгі сағаттың сағатты санайтын тіліне мінген кісінің көрген­білгеніндей
және өмірдің ақиқаты да солай. Дегенмен, "ашира" тіліне мінген кісіні
ұмытпайық, ол сол уақыттың ішінде яғни Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у)
Иләһи таупық пырағына мініп найзағай жылдамдығымен бүкіл жаратылыс
әлемін, мүмкіндік дүниесін аралап, "мүлк" пен "мәләкут" әлемін толық
тамашалап, абсолюттік әлемге шығып, сұхбаттасып, абыройы артып
Аллаһтың жәмалын көріп, одан бұйрықты алып кері қарай өзінің киелі
міндетіне қайта орала алады, оралған және солай болған.