мираж
March 6, 2021

Иә, болуы мүмкін, болған шығар. Бірақ әрбір мүмкін нәрселер бола бермейді ғой. Бұған ұқсас оқиға болған ба? Ұқсасы болмаған бір нәрсені болуы мүмкін деп, оны болған оқиға секілді қарауға бола ма?

Бұған айтарымыз: Оның ұқсастарының көптігі сондай санау мүмкін
емес. Мәселен, әрбір назар иесі көзімен жерде тұрып Нептун ғаламшарына
бір секундта барады. Әрбір ілім иесі ақылымен астраномия заңдарына
мініп жұлдыздардың арғы жағына бір минутта жетеді. Әрбір иман иесі
намаздағы іс­-әрекеттер мен шарттарына ой­-пікірін мінгізіп, белгілі бір
мағынада миғраж арқылы ғаламды артта тастап құзырға шығады. Әрбір
жүрегі пәк, жаны кәміл әулие сейр­і-сулук арқылы ғарыштан және иләһи
есім мен сипаттың шеңберінен қырық күнде жүріп өтеді. Тіпті, шейх
Гәйлани, Имам Раббани сынды ірі тұлғалардың айтуынша бір минутта
ғарышқа дейін рухпен ұшып көтерілген. Сондай-­ақ, болмысы нұрлы
періштелер ғарыштан жерге, жерден ғарышқа әп­сәтте барып келе береді.
Әрі Жәннәт нәсіп болған кісілер махшардан Жәннәт бауларына тез арада
ұша жөнеледі. Әлбетте, мұншама үлгі­ мысалдар бізге, бүкіл әулиелердің
сұлтаны, күллі мүминдердің имамы, барша Жәннәттық жандардың көш­
бас шысы және періште атаулы жаппай мойындаған, қабыл алған Зат­ы Ахмедиенің (с.а.у) рухани саяхатына ұйытқы болар Миғражға көтерілуі
және оның мақамына лайық түрде іске асуы нағыз хикметтің өзі әрі өте
ақылға қонымды һәм шүбәсіз болған оқиға.