"Барлығына бәрінен жақын Аллаһ Тағаламен мың даған жыл ұзақ қашықтықты жүріп өтіп, жетпіс мың пердені ашқаннан кейін көрісті дейсің. Бұл түсініксіз жәйт. Бұған қалай сенуге болады?"
Рас, Аллаһ Тағала барлық затқа бәрінен де жақын. Бірақ, барлық зат
Одан шексіз алыс. Мәселен, Күннің санасы болып сөйлей алатын болса,
сенің қолыңдағы айна арқылы сенімен сұхбаттасар еді. Қалағанынша
саған әсер етіп үкімін жүргізер еді. Тіпті, ол саған оны шағылыстырып
тұрған көзіңнің қарашығынан да жақын болар. Әйтседе, сен одан төрт мың
жыл алыс екеніңді білетін шығарсың. Ешбір тұрғыдан оған жақындап әсер
ете алмайсың. Егер биіктеп жоғары көтерілсең, Айдың мақамына шығып,
тікелей көрісе алатын жерге жетсең ғана оған тек бір мағынада айналық
етесің яғни шағылыстыра аласың. Сол секілді Шәмсі Әзәл уә Әбәд боп
табылатын Заты Зүлжәлал, барлық нәрсеге бәрінен де жақын бола тұра,
барлық зат Одан шексіз алыс боп табылады. Тек, болмыс атаулыдан
өтіп, шағын ғана болмысты тастап, шектеуліліктен шығып, шексіздіктің
мәртебелерінде самғап, барабара мыңдаған перде, тосқауылдардан өтсе
ғана, болмыс атаулыны түгелдей қамтып жатқан шексіз бір есімге жақын
даған болады. Одан әрі көптеген мәртебелерді жүріп өтуі тиіс. Сосын ба
рып белгілі бір мағынада "құрбиетке" яғни Аллаһқа жақындау деген абы
ройға ие болады. Тағы да бір мысал бере кетейін, мәселен, қатардағы бір
сарбаз ұлы қолбасшының рухани тұлғасынан өте алыс боп саналады. Ол сарбаз өзінің қолбасшысын өзінен бір саты жоғары тұрған онбасы мақа
мынан көрінетін мәртебеде таниды. Оған ол өте алыстан, мағынауи
көп перделердің артынан қарайды. Ал оның нағыз рухани тұлғасына
жақындық болса, онбасылық, жүзбасылық, мыңбасылық секілді көптеген
күллі мәртебелерден өткен соң болатын мақам. Ал бірақ, ұлы қолбасшы
болса, өзінің әмірімен, заңымен, үкімжарлығымен, ілімімен, назарымен
әрі оның үстіне ол тек заттық жағымен емес рухани жағымен де үстем,
әулие болса, нағыз өзі әлгі сарбаздың қасынан табылады, көріп тұрады.
Бұл айтылған ақиқат он алтыншы Сөзде анық түсіндірілгендіктен соған
сілтеп қазір қысқа қайырдық.