мираж
March 4, 2021

"Жарайды, шығуы мүмкін дейік. Неліктен шығуы керек? Не қажеті бар? Әулиелер секілді рухымен, қалбымен барса жетпес пе еді?"

31-сөз

Бұған жауабымыз: Сани­ы Зүлжәлал өзінің мүлк пен мәләкут әлемде­
ріндегі ғажайып аяттарын көрсеткісі келген екен, әрі мына әлемнің
бұлағын, қайдан шыққанын тамашалатқысы келген екен, әрі адамзаттың
жасап жатқан амалдарының о дүниедегі нәтижелерін көрсеткісі келген
екен. Әлбетте, бейне әлемінің кілті тәріздес көзін, дыбыс әлемін ашатын
құлағын ғарышқа дейін бірге алып баруы қажет еді. Сондай­ақ, рухтың
шексіз міндет атқаруына ұйытқы болар және сезім мүшелер орналасқан
мүбарак денесін де ғарышқа дейін апаруын ақыл мен хикмет талап етеді.
Қалайша жұмақта Иләһи хикмет денені рухқа серік қылған. Себебі,
сансыз құлшылық міндетін атқаруға, шексіз ләззаттар мен қайғыларға
ұйытқы болатын мына дене болып табылады. Әлбетте, Жәннәт­і Мәуәның
орталығы саналатын Сидрет­үл Мүнтәхаға көтерілген Зат­ы Ахмәдие яғни
ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у) өзінің мүбарак денесімен бірге көтерілуі керек­ті, бұл нағыз хикмет, асқан даналық.