Мен Аллаһқа сенбеймін, Пайғамбарды танымаймын. Миғражға қалай сенемін?
Біз оған былай дейміз:
Мына ғалам және болмыс бар екені әрі ішінде қызу іс жүріп жатқаны,
жаңадан жаратылып жатқаны белгілі. Ұқыпты бір іс болса іскерді көрсетеді
яғни істің өздігінен болмайтыны белгілі. Мағыналы керемет бір кітап
жазушысыз болмайды. Өнермен жасалған ою-өрнек шеберсіз, ұстасыз
болуы әсте мүмкін емес. Әлбетте, мына ғаламның қай жағына қарасаң
көрініп тұрған хикметке толы істер бір іскерді және жер жүзінде мезгіл
сайын жаңарып әрі таңғалдырып отырған оюөрнектер мен суреттер, хат
тәрізді жазбалар бір жазушыны, бір суретшіні көрсетеді. Сондай-ақ,
бір іске екі әкім араласса тәртіп бұзылады. Бұл белгілі жәйт. Енді, мына
әлемге қарашы! Шыбынның қанатынан бастап сонау аспан денелеріне
шейін керемет жүйе, тыянақты тәртіп бар. Олай болса, мұның Әкімі
жалғыз. Егер жалғыз болмаса, барлық зат өнермен, хикметпен шебер
жаратылмас еді. Бірақ керемет тәртіпті жаратылатыны сонша, олардың
иесі бүкіліне құдіреті жететін, әр нәрсені білетін, киелі сипаттары шексіз
біреу. Демек, олардың жаратушысы жалғыз дегенді қабылдамаса онда
болмыстың саны қанша болса, сонша тәңірлердің болуы шарт. Әрі ол
тәңірлер бірбіріне қарамақарсы әрі бірбіріне жақтас, әрі өзара терезесі
тең болуы керек. Бірақ олай болатын болса мына ғажап та әсем әлемдегі
тәртіпті сақтап қалу мүмкін емес. Сондай-ақ, болмыстың барлық түрі
бір әскерден мың есе жүйелі де тәртіпті бір әмірмен қозғалатыны анық
қанық көзге көрініп тұр. Атап айтқанда, жұлдыздар, Күн мен Айдың
жүйелі қозғалысынан бастап, сонау бадам шешектеріне дейін әрбір жа
ратылыстың тәртіпті де керемет түрде Жаратқан Иесі, Қадирі Әзәли
өздеріне сыйлаған пішіндерін, киімкешектерін және тағдырына жазған
ісәрекеттерін бірге тамашалайық. Бұл кәдімгі әскерден мың есе тәртіпті
де жүйелі емес пе? Олай болса, жаратқандары өзінің әмірін бұлжытпай
орындайтын, мойынсұнатын, бірақ мына көзге көрінбейтін ғайып пер
денің артында керемет бір Әкім бар, солай екені даусыз. Әрі ол Әкім хик
мет толы істері арқылы және ұлық құбылыстарымен өзінің Сұлтаны
Зүлжаләл екенін жанжақты көрсетіп отыр. Сондайақ, мол жарылқауымен
өте Рахымды Раббы, өсіпөндіруші, қамтамасыз етіп тәрбиелеуші екенін
білдіріп тұр. Әрі көркем өнерін көрсету арқылы өнерсүйгіш шебер екенін байқатады. Әрі әлемді безендірумен, қызығарлық шеберлігімен саналы
жандардың ынтық назарын аударғысы келетін Халиқы Хаким екенін
аңғартып жатыр. Сондайақ, әлемде күллі ақылды таңғалдыратын көркем
әшекейлер нендей мағына білдіретінін және Рубубиетінің Хикметін яғни
жаратылыс қайдан келіп, қайда баратынынын саналыларға білдіргісі
келетіні байқалады. Олай болса, әлбетте бұл Хакимы Хакийм, Саниы
Алим өзінің Рубубиетін жария етіп, көрсеткісі келеді. Әрі осыншама
жа рылқап, нығмет беріп, аса қамқорлық жасап, ғажап өнерімен түйсігі
бар саналы мақұлықтарға өзін таныстырғысы, жақсы көргізгісі келеді.
Әлбетте, саналы пенделерден не сұрайтынын, нендей нәрселерден риза
болатынын бір жеткізуші делдал талап етеді, сол арқылы өзінің қалауын
білдіреді, оған еш күмән жоқ. Олай болса, саналы жаратқандарының іші
нен біреуін тағайындап, сол арқылы аталған Рубубиетін, қалауын жария
қылуы заңды құбылыс. Әрі өзі жақсы көретін өнерін көрсету үшін бір
делдалды ең жақын құзырына алып абыройын көтеріп әлемге паш етуі
тиіс. Әлгі ұлы мақсаттарын басқа саналыларға білдіру арқылы өзінің
кемелдігін көрсету үшін біреуді мұғалім етіп тағайындайды. Сондай-ақ,
мына ғаламдағы тылсымсырлар мен Рубубиетінің жұмбақтары ашылып,
мағынасыз қалмауы үшін міндетті түрде бір жетекші тағайындайды.
Әрі назарға ұсынып, көрсетіп жатқан әсем де ғажап өнерін пайдасыз,
босқа, әбес қалмауы үшін олардағы мақсаттарды үйрететін, дәріс беретін
ұйымдастырушы біреуді тағайындайды. Әрі неден риза болатынын, нені
қалайтынын саналыларға жеткізу үшін бірісін күллі саналыдан жоғары
мақамға шығарады да оған өзінің қалауын білдіреді, сосын кері жөнелтеді.
Демек, осылай болуын ақиқат пен хикмет талап етеді және бұл міндетті
атқаруға ең лайық Хазіреті Мұхаммед ғаләйһиссалату уәссалам екені
шексіз, шүбәсіз ақиқат. Өйткені, іс жүзінде әлгі міндеттерді толыққанды
атқарған сол. Оның құрған Ислам әлемі және көрсеткен Ислам нұры осы
айтылғанға бұлтартпас дәлел, сенімді куәлік. Олай болса, Ол кісі тікелей
өзі бүкіл әлемнің үстіне шығып, жоғары көтеріліп болмыс атаулыдан
асып, биікке самғап осындай жоғары мақамға қолы жеткен. Ол мақамда
бүкіл жаратылыстың Жаратушысы, мақұлықтардың Халиқы Аллаһ Таға
ламен жалпыға ортақ, киелі де жалпы сұхбат қылған. Міне, Миғраж осы
ақиқатты білдіреді.