мираж
March 7, 2021

Осы ұлы Миғраж неліктен араб Мұхаммедке (с.а.у) тиесілі?

Жауап: Бірінші сауалыңа келер болсақ, ол жайында отызға жуық Сөз­ дерде егжей­тегжейлі баяндалған болатын. Әзірге тек Ахмедтің (с.а.у) жеке басының кемелдігіне қысқаша тоқталып әрі Пайғамбарлық дәлелдеріне, сондай­ақ ұлы Миғражға ең лайық Сол екеніне тұжырымдар секілді қысқа­нұсқа баяндап өтеміз. Былайша:


Әуелі, Тәурат, Інжіл, Зәбур секілді киелі кітаптарда Ахмедтің (с.а.у)
пайғамбарлығы туралы, оның ақырзаман нәбиі болатыны жазылған
сүйінші жазулар кездеседі. Мұнымен қатар замандасымыз Хусейін­і Джисри сынды зерттеуші ғалым, киелі кітаптарды егжей­тегжейлі талдап
әз Пайғамбарымыз жайлы жүз он төрт ишара­белгілер тауып оны өзінің
"Рисале­и Хамидие" деп аталатын кітабында жазған болатын. Киелі кі­
таптар көп өзгеріске ұшырағанның өзінде Пайғамбарымыз туралы осын­
шама нышандары болып, хабар берген болса өзгеріске ұшырамай тұрғанда
Құдай біледі қаншама белгілер болған.
Екіншіден: Тарихта мәшһүр Шық және Сатих сынды атақты сәуе­гейлер, Мұхаммедке (с.а.у) пайғамбарлық әлі келмей тұрып Оның пайғам­
барлығы жайлы, ақырзаман пайғамбары болатынын хабар беріп кеткен.
Осы секілді сүйінші хабарлар анық түрде тарихта көп кездеседі.
Үшіншіден: Ахмед (с.а.у) дүниеге келген түні Қағбадағы пұттардың
омақата құлауы, Парсы Кисраның мәшһүр "Әйуан" сарайының қирап
қалауы секілді жүздеген таңғажайып құбылыстар болған, мұны "ирхасат"
деп атайды.
Төртіншіден: Қалың қол әскерін бес саусағынан аққан сумен шөлін
қандыруы және мешітте мінбер көшірілген кезде көп қураған ағаш тіректің
Ахмедтен (с.а.у) айырылып қаламын деп жамағаттың алдында түйе секілді
аңырап жылауы, сондай­ақ, Құранның дегеніндей Шаққ­ы
Қамар яғни Айдың екіге бөлінуі секілді зерттеушілердің көзі жетіп
мойындаған мыңға жуық мұғжизаларға бөленіп абыройы үстем болғанына
тарих пен өмірбаяны куә.
Бесіншіден: Оның мінез құлқының аса керемет болғанын дос түгіл
дұшпандары да растаған. Оның адал қасиеттерге ие екеніне бүкіл жүріс­ тұрысы куәлік етеді. Тапсырылған міндетті адал атқарғаны, ақиқатты
халыққа жеткізуді толық орындағаны және дін Исламдағы жақсы мінез
құлық пен шариғатындағы аса құндылықтар Оның шынымен жоғары
дәрежелі жаратылғанын көрсетеді. Бұған ынсаппен мұқият қараған жан
еш күмәнданбаса керек.
Алтыншыдан: Оныншы Сөздің екінші ишарасында мегзеп өткеніміз­
дей, Улухиет ұғымы хикметтің талабына сәйкес өзін көрсеткісі, көрінгісі
келеді. Міне, осы улухиеттің ең ұлық түрде Мұхаммедтің (с.а.у) дініндегі
ауқымды да терең құлшылық арқылы жарқын көрініс тапқаны даусыз.
Сондай-­ақ, әлемнің Иесі өзінің еш нұқсаны жоқ жәмалын бір себеппен
көрсеткісі келеді. Мұны хикмет пен ақиқат талап етеді. Ал оны өте тамаша
түрде көрсеткен, түсіндірген әлбетте, Сол кісі.

Жетіншіден: Мына жаратылғандардың бойында өте керемет бір
безендіру, шексіз әшекейлеу ісі бар екені анық байқалады. Сөзсіз мұндай
әшекейлеу мен безендіру істері, олардың жаратушысында өте қуатты
сұлу қылсам, әдемі етсем деген қалауы бар екенін көрсетеді. Ал ол қалау,
міндетті түрде ол Жасаушыда жасағандарына деген қызығушылық,
айтып жеткізе алмайтын киелі сүйіспеншілік, "құдси махаббат" бар еке­
нін көрсетеді. Енді бір сәт ой жүгіртіп, қиялымызды кездіріп көрейік!
Жаратылғандардың ішінде өте мазмұнды, Иләһи өнердің нәзік тұстарын
толығымен бойына сіңірген, оны басқаларға паш еткен, аңғарған, аң­
ғартқан әрі өзін жақсы көргізе білген сондай­ақ, қоршаған ортадағы
әсемдіктерге "Машаллаһ" деп таңғалып жоғары бағалаған, әлгі өз өнерін
жақсы көретін, аса шебер Ұстаның алдында ең сүйкімді, ең қалаулысы
сөзсіз, шүбәсіз сол Кісі болмақ.