"Мен аспанның қабатқабат екеніне сенбеймін, періштелердің бар екеніне де сенбеймін. Сондықтан, сол аспанда біреудің кезгеніне, періштелермен көріскеніне қалай сенемін?".
Иә, сен секілді ақылы көзіне түсіп кеткен, көзі болса перделеніп қал
ған адамдарға бір нәрсе түсіндіру, көрсету әлбетте қиынның қиыны.
Дегенмен, хақ пен ақиқаттың жарқындығы сондай соқырлар да көре
алатын болғандықтан біз де сөзімізді былай жалғастырамыз:
Көктегі кеңістік "эсирмен" толы екені бір ауыздан мақұлданған мәселе.
Жарық, электр, жылу секілді нәзік те әрдайым қозғалыста болатын ағым
дағы заттар әлгі кеңістікте толып тұрған бір заттың бар екенін яғни ол
жерлер бос емес екенін дәлелдейді. Жемістер өзінің өсіп тұрған ағашының
болмысын көрсетіп, гүлдер де өзінің топырағын, тұқымдәндер де шыққан
егіс алқабын, ал балықтар өзі жүзіп жүрген теңізін көрсететіні секілді
мына жұлдыздар да өздері жүзіп жүрген айдын көлдерін, бұлақтарын,
қайнар көздерін, алқабын, теңізін көрсетіп, ол жер бос емес, міндетті түрде
бір нәрсе бар екенін ақылдың көзіне шұқып тұрып көрсетеді. Көк аспанда
яғни, жоғарғы әлемде саналуан жүйелер бар екен рас. Түрлі-түрлі
жағдайларда санқилы заңдылықтар байқалады. Олай болса, осы
заңдылықтарды тудыратын, оларға негіз боларлық сәмауаттың да яғни
аспандардың да бірнеше түрлері бар. Қалайша адам дене бітімінен басқа
ақыл, қалб, рух, қиял, жады (ес) секілді мағынауи болмыстарға ие. Әлбетте,
мына алып адам сияқты әлемде және адам бір жеміс болса оның ағашы
болып табылатын ғаламда да біз білетін мына материялдық (заттық)
әлемнен басқа да әлемдер бар. Һәм, жер әлемінен бастап сонау Жәннат
әлеміне дейін толық жатқан әлемдердің әрқайсысының жекежеке бір
аспаны, өзіндік кеңістігі бар. Һәм, періштелер туралы былай дейміз:
Ғаламшарлармен салыстырғанда орташа, ал жұлдыздардың қасында кіп
кішкене боп қалатын әрі құрамы тығыз, табиғаты қою жер шарына бір
үңіліп қарайықшы! Ол, жаратылыстың ішінде ең қымбат әрі нұрлы боп
табылатын тірілікке, сана мен ақылға толып тұр емес пе? Әлбетте, қою қараңғы бір күрке тәріздес мына дүниенің қасында анау әсем әрі тамаша
зәулім сарайға ұқсайтын жұлдыздар және жұлдыздардың жүзіп жүрген
теңізі болып табылатын аспандар; саналы жандарға, тірішілік иелеріне
және саны өте көп әрі түрі саналуан періштелерге, руханилерге толы
болуы, яғни руханилердің мекені болуы заңды құбылыс.