"Адам зор қиын- шылықпен ұшақ арқылы бір-екі шақырым ғана көтерілу мүмкін. Қалайша бір адам денесімен жаяу жүрсе мыңдаған жылдық қашықтықты бірнеше минуттың ішінде жүріп өткен?"
Біз оған былай дейміз: Жер шары секілді салмағы ауыр бір денеге
назар аударайық. Пәннің айтуынша өз осьінде ол бір минутта шамамен
жүз сексен сегіз сағаттық жолды жүріп өтеді. Бұл деген жаяу жүріспен
жиырма бес мың жылдық жолды бір жылда жүріп өтеді деген сөз. Апырм-ай, оған осы жүйелі қозғалысты жасатып отырған әрі оны шыр көбелек
айналдырған Қадирі Зүлжәлал, бір адамды ғарышқа шығара алмайды
деймісің? Күннің тартылыс күші деп аталған Раббани заңмен айналасында
өте ауыр денелерді, ғаламшарларды кездіріп отырған Иләһи хикмет, өзің
ойлашы, Рахманның рахымды тарту күшімен және Шәмсі Әзәлидің
махаббат күшінің тартуымен бір адам денесін найзағай жылдамдығымен
көзді ашып жұмғанша өзінің Рахман ғарышына шығара алмайды деймісің?