сиер
September 4, 2020

Пайғамбарымыздың (С.А.У) әке-шешесі мен атасы Абдулмутталибтің имандары жайлы хабарлардың қайсысы сенімді?

29-мектуб

Жауап: Жаңа Саид он жылдан бері Құраннан басқа кітапқа қарамайды.
Маған Құран жетеді дейді. Мұндай мәселелерді зерттеп, бүкіл хадис
кітаптарын ақтара отырып ең сенімдісін жазуға уақыт жоқ. Тек айтарым
мынау: Пайғамбарымыздың әке-шешесі Жәннаттық жандар. Иманды жандар. Хақ Тағала өзінің ең сүйікті адамының жүрегін және жүрегіндегі перзенттік мейірімін ренжітпейді.

Олай болса, олар неге Пайғамбарымызға иман ететіндей жасқа жетпеді. Неге одан ерте кетті? – дейтін болсаң...
Жауап: Хақ Тағала Ардақты Пайғамбарымыздың с.а.у. ата анасын өзінің
кеңшілігімен Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) перзенттік сезімін риза ету
үшін оның ата анасына ауыртпалық салмаған. Оларды ата-ана мәртебесінен
рухани перзенттік мәртебесіне әкелмеу үшін оларды бақытқа бөлеген, Хабибі
Әкрамын да риза ету Оның мейірімінің талабы. Әке шешесі мен туған атасын
оған үммет етпеген. Бірақ, үмметінің ерекшелігін, артықшылығын, бақытын
оларға сый етіп берген. Мысалы, үлкен бір әскери қолбасшының жүзбасы
шеніндегі әкесінің баласының құзырына кіруі, бір-біріне қайшы келетін екі
ұдай сезімде қалдырады ғой. Яғни, падишаһ әлгі қолбасшысына мейірім
көрсетіп, әкесін оның қол астына қаратып, бағынышты етпейді.

«Пайғамбарымыздың көкесі Әбу Талибтің иманы жайлы жауаптардың қайсысы дұрыс?»
Жауап: Шиалар оның иман келтіргеніне сенеді. Ал Әһли Сүннеттің
көпшілігі оның иман келтіргеніне иланбайды. Алайда, менің жүрегіме
жақыны мынау: Әбу Талиб, Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) көкесі ретінде Оның Пайғамбарлығын емес, жеке басын шынайы жақсы көретін еді.
Оның осындай жеке басына деген шынайы жанашырлығы зая кетпейді. Хақ
Тағаланың Сүйіктісін сонша жақсы көріп, қамқорлық көрсетіп, жақтас болған
Әбу Талиб Пайғамбарымызды (с.а.у.) теріске шығарып, әдейі қырсықпаған.
Ол, өзінің рушылдық сезіміне, жеке ар ұжданына қатысты мәселе. Сондықтан,
шынайы иманға келмеуі себепті жәһаннамға кетсе де, Пайғамбарымызға
(с.а.у.) деген оның қамқорлығының сыйы ретінде жәһаннамның ішінде
оған деген өзіндік бір жеке жәннатты жарата алады. Мысалы, кейбір өлкеде
қыста да көктемді жарататыны және зындандағы кейбір адамға ұйқы арқылы
зынданды сарайға айналдыратыны іспетті, Жаратушымыз жәһаннамды да
өзіндік бір жәннатқа айналдыра алады.


376-бет

https:www.rebrand.ly/mektubat