August 5

Kaspi.kz қосымшасында 250 нысаны бойынша декларацияны қалай тапсыруға болады? 

Kaspi.kz қосымшасындағы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру бөліміне өту үшін «Мемлекеттік қызметтер» бөліміне өтіп, сол жерден «Активтер мен міндеттемелер туралы декларация» тармағын таңдау керек.

Содан кейін сіз өз деректеріңізді тексеріп, растайсыз: аты-жөніңіз, ЖСН, телефон нөміріңіз, қала немесе облысыңыз, сондай-ақ тіркелген жеріңіздегі салық органы. Әдетте, барлық бағандар автоматты түрде толтырылады. Салық органы көрсетілмеген жағдайда 1414 телефоны арқылы білуге ​​болады. Егер сіз аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте немесе ауылдық округте тіркелген болсаңыз, жергілікті өзін-өзі басқару әкімшілігін таңдауыңыз қажет.

Енді сіз декларацияның өзін толтыра берсеңіз болады. Процесс барысында 14 сұраққа жауап беру керек. «Иә» деген жауап неғұрлым аз болса, декларацияны тапсыру соғұрлым тез болмақ.

Деректер 2023 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша тапсырылатынын есте ұстаған жөн.

1. Қолма-қол ақшаңыз бар ма?

Егер сізде қолма-қол ақша болмаса, бұл сұраққа жоқ деп жауап берсеңіз болады. Дегенмен, нұсқаулыққа оралып, бұл туралы сарапшылардың пікірін оқып шыққаныңыз дұрыс.

2. Қазақстаннан тыс жерлердегі банктерде ақшаңыз бар ма?

Шетелдік шоттарыңыз болса, мына мақаланы оқыңыз.

3. Қазақстаннан тыс жерлерде жылжымайтын мүлкіңіз бар ма?

Егер сізде басқа елдерде жер, үй, пәтер және т.б. бар болса, мына мақаланы оқыңыз.

4. Қазақстаннан тыс жерлерде көлігіңіз бар ма?

Егер сізде басқа елдерде автокөлік, жүк көлігі, мотоцикл, квадроцикл болса, мына мақаланы оқыңыз.

5. Қазақстаннан тыс жерлердегі компанияларда меншік үлесіңіз бар ма?

Жауабыңыз "иә" болса, мына мақаланы оқыңыз.

6. Қазақстан мен одан тыс жерлерде үлескерлік тұрғын үй құрылысы шарттарыңыз бар ма?

Егер сізде осындай келісімшарттар бар болса, онда мына мақаланы оқыңыз.

7. Қазақстан мен одан тыс жерлерде бағалы қағаздарыңыз бен цифрлық активтеріңіз бар ма?

Мұнда акциялар, облигациялар, вексельдер, туынды қаржы құралдары, криптовалюталар мен токендер туралы айтылып тұр. Егер сізде осы тізімнен қандай да бір активтер болса, мына мақаланы оқыңыз.

8. Қазақстан мен одан тыс жерлерде инвестициялық қорларда үлестеріңіз (пайларыңыз) бар ма?

Бар болса, онда мына мақаланы оқыңыз.

9. Қазақстан мен одан тыс жерлерде зияткерлік меншігіңіз бар ма?

Егер сізде авторлық құқық, патенттер, ғылыми жұмыстар, сауда белгілері мен т.б. болса, мына мақаланы оқыңыз.

10. Қазақстан мен одан тыс жерлерде қымбатқа бағаланатын мүлкіңіз бар ма?

Мұнда құны 3 450 000₸ асатын кез келген құнды мүлік туралы айтылып тұр. Декларацияны тапсырар алдында бағалау жүргізілуі керек. Егер сізде қымбат мүлік болса, мына мақаланы оқыңыз.

11. Қазақстан мен одан тыс жерлерде инвестициялық алтыныңыз бар ма?

Егер сізде 900 сынамалы алтын монеталар, 995 сынамалы алтын құймалар, брокерлік шоттарда алтын болса, мына мақаланы оқыңыз.

12. Қазақстан мен одан тыс жерлерде сенімгерлік басқаруға берілген мүлкіңіз бар ма?

Бұл жылжымайтын мүлік, бағалы қағаздар, бизнес, зияткерлік меншік пен басқа да активтер болуы мүмкін. Егер сіз өз мүлігіңізді сенімгерлік басқаруға берген болсаңыз, мына мақаланы оқыңыз.

13. Жеке тұлғалар не компаниялар алдында қарызыңыз бар ма?

Жеке тұлғаға немесе компанияға қарызыңыз болса, мына мақаланы оқыңыз.

14. Жеке тұлғалар мен компаниялардың сізге қарызы бар ма?

Егер сізге қарыз болса, мына мақаланы оқыңыз.

Барлық сұрақтарға жауап бергеннен кейін деректеріңізді тағы бір мәрте тексеріп, декларацияны тапсырыңыз. Ол үшін бейне сәйкестендіру арқылы жеке басыңызды растау қажет.

Декларацияны тапсырғаннан кейін бір сағат ішінде Kaspi.kz мобильді қосымшасында сізге мемлекеттік органдардан хабарлама келеді: есептің қабылданғаны туралы немесе қабылдаудан бас тарту, оның себебі мен одан әрі әрекет ұсыныстары түріндегі хабарлама. Егер сіз өтінішті демалыс күні немесе мереке күндері берген болсаңыз, бірінші жұмыс күні келеді.

Маңызды: Kaspi.kz мобильді қосымшасында ұсынылған декларацияға өзгертулер енгізе алмайсыз.

Ол үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына немесе салық органына жүгініңіз.

Сондай-ақ, есепті онлайн түрде келесі тәсілдермен өзгертуге болады:

Егер сізде қандай да бір сұрақ туындаса, төмендегі деректер бойынша жүгініп, жауап ала аласыз:

- 1414 нөмірі бойынша
- Мына сайтта әр қала бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының деректері көрсетілген
- Жалпыға бірдей декларацияға арналған Мемлекеттік кірістер комитетінің чатында