Адам
December 27, 2019

Хазіреті Адамның халифа болуы

Құрандағы көптеген шағын оқиғалардың әрқайсысының астарында жан­жақты да ауқымды ереже­заң, ұстануы тиіс дәстүрлер жатады. Әрі олар жалпыға ортақ заңдылықтың ұшы ретінде баяндалады

عَلَّمَ اٰدَمَ اْلاَسْمَۤاءَ كُلَّهَا

/Ол Адамға барлық заттардың есімдерін үйретті/ (Бақара 31)

"талим-ул әсманы" мұғжизасы яғни Хазіреті Адамның Аллаh оған өз есімдерін үйретуін алайық.Былай қарасаң кішкене, шағын оқиға секілді, бірақ ол жерде ауқымды да жалпыға ортақ ереже, дәстүрдің ұшы бар.

Ол оқиғаның мәнісі, Адамзат аса қабілетті болғандықтан, оған шексіз ілімдердің тәлімі сондай­ақ, әлемдегі ұшан­теңіз ілім мен ғылым және Жаратушының іс­құбылыстарын, Оның есім­сипаттарын қамтитын көптеген ілім үйретілген­ді. Ол тәлім, адамзат баласының мойнына үлкен аманат болып жүктелгендіктен тек періштелерден ғана емес, тіпті Аспан мен Жерден, таулардан да абыройлы екендігін және жалпы алғанда Рухани тұрғыдан Жердің халифасы екендігін Құран Кәрім түсіндіруде.

Сол сияқты періштелердің адамға сәжде етуі, ал шайтанның сәжде етпеуі болса, былай қарағанда ғайби (көмескі), шағын оқиға болғанымен өте ауқымды да терең әрі көзге көрінер, жан­жақты бір дәстүрдің, бір заңдылықтың ұшы болып табылады.

Сонымен қатар өте үлкен бір ақиқатты мегзейді. Қалай десеңіз, Құран Кәрім, періштелердің Адам ғалейhиссаламға мойынсұнып, бағынуын ал, шайтанның тәкаппарланып, бас имеуін айта отырып адамзатқа әлемдегі көптеген жаратылыс және сол жара тылыстардың рухани өкілдері, жауапты қызметшілері бағынышты екен діктерін баяндайды. Әрі адамзаттың сезім­қабілеттері де оларды толық пайдалануға ыңғайлы, тіл алғыш екендерін түсіндіре келіп сол қабілеттерді бұзатын және бұрыс жолға салатын зиянды, жаман нәрселер, кері тартпа себептер бар екенін және олардың өкілдері, жағымсыз тұлғалар адамзаттың әлгіндей кемелденуі кезінде қаншалықты үлкен кедергі, зор қиындық туғызатын дұшпан, жау болып алдын кес­кестейтінін еске сала отырып осындай маңызы зор, үлкен мәселені Құран­ы Мұғжиз­ул Баян керемет, шебер түрде бір ғана Адам алейhиссаламмен қатысты кішкене оқиға арқылы жеткізіп, осылайша бүкіл әлеммен және бүкіл адамзатпен өте ұлық сұхбат құруда.


20_сөз