Адам баласы бүкіл әлемді Жаратушы Аллаhқа шексіз сүйіспеншілікте болу үшін жаратылған. Өйткені оның бойында Жамалға (Әсемдікке) деген ынтызарлық, кемелдікке деген құштарлық және ихсанға, яғни жарылқануға, сыйлануға деген құмарлық бар. Енді, Жамал, Кәмал және Ихсанның дәрежесіне қарай әлгі сүйіспеншілік те арта бермек. Ол ғашықтықтың шыңына дейін барады. Әрі мына кішкене адам баласының шағын жүрегіне аса үлкен ғашықтық сезімі берілген. Иә, жүректің тарыдай ғана сандықшасы тәрізді Қууа-и Хафыза (есте сақтау қабілеті) бейне бір кітапхана секілді мындаған кітапты қамтуы, адамның жүрегі бүкіл Әлемді қамти алатынын және соншалықты ынтызарлықпен сүйе алатындығын көрсетеді. Иә, адамзаттың Ихсан, Жамал және...
МАҢЫЗДЫ БІР СҰРАҚ: Махаббат пен сүйіспеншілік ықтиярмен болмайды. Жаратылысымнан мұқтаждығым бар тәтті тағамдар мен жемістерді жақсы көремін. Ата-анам мен балаларымды сүйемін. Өмірлік жолдасымды сүйемін. Қимас достарды сүйемін. Пайғамбарлар мен әулиелерге сүйіспеншілігім бар. Өмірді, жастық шақты сүйемін. Көктемнің сұлулығы мен дүниені сүйемін. Бұларды қалай сүймеске? Бұл махаббаттардың барлығын Аллаhтың сипаттары мен есімдеріне беру дегеніміз не? Бұл қалай болғаны?
Құрандағы көптеген шағын оқиғалардың әрқайсысының астарында жанжақты да ауқымды ережезаң, ұстануы тиіс дәстүрлер жатады. Әрі олар жалпыға ортақ заңдылықтың ұшы ретінде баяндалады