Тек қана "Лә Иләха Иллалах" жеткілікті ме? Яғни, "Мұхаммаду Расуллах" демесе де, құтыла ала ма?»
Шаһадат кәлимасының екі сөйлемі, бір бірінен айрылмайды, бірін бірі дәлелдейді. Бір бірінің кепілі. Бірінсіз бірі бола алмайды. Пайғамбарымыз Алейһиссәлату Уәссәлам, Бүкіл пайғамбарлардың мирасқоры. Ендеше, Аллаһқа апаратын бүкіл жолдардың басында. Оның ұлы даңғалынан сырт ақиқат та, құтылу жолы да жоқ. Зерттеуші имамдар, Сағди Ширази секілді:ﻣُﺤَﺎﻟَﺴْﺖْ ﺳَﻌْﺪِﻯ ﺑَﺮَﺍﻩِ ﻧَﺠَﺎﺕْ ٭ ﻇَﻔَﺮْ ﺑُﺮْﺩَﻥْ ﺟُﺰْ ﺩَﺭْ ﭘَﻰِ ﻣُﺼْﻄَﻔٰﻰ
Хәм
ﻛُﻞُّ ﺍﻟﻄُّﺮُﻕِ ﻣَﺴْﺪُﻭﺩٌ ﺍِﻟﺎَّ ﺍﻟْﻤِﻨْﻬَﺎﺝَ ﺍﻟْﻤُﺤَﻤَّﺪِﻯَّ
дейді. Сондай-ақ, деген.
Әйтсе де, кейде мынадай болады, Мұхаммед Алейһиссәлату Уәссәламның даңғылында жүріп бара жатқанына қарамастан, сол жолда екендіктерін білмейді. Кейде былай да болады. Пайғамбарды білмейді, алайда кетіп бара жатқан жолы, Ахмеди даңғылдың тармақтарының бірі. Сондайақ, өзімен-өзі, және есінен ауысқан халде оқшау жүріп, Мұхаммеди даңғыл жайлы ойланбастан, тек қана Лә илаһа иллалаһ депп жүргендерге сол жеткілікті болады. Бірақ, сонымен бірге, ең маңызды нәрсе мынау: Қабыл етпеу бір басқа да, жоққа шығару бір басқа. Олай оқшау жүргендер немесе естімеген яки білмеген адамдар, Пайғамбарымызды білмейді, ол туралы ойланбайды. Ол жағынан мүлдем хабарсыз. Сондықтан оны қабылдамайды Аллаһты тануға қатысты тек, Лә илаһа иллалаһты біледі. Бұлар құтылуы мүмкін. Бірақ, Пайғамбарымызды естіген және ол кісі көтерген мәселені білетін адамдар, Оны растамайтын болса, Жаратушы Хақты танымайды. Олар үшін, Лә илаһа иллалаһты тек құтылудың дәнекері болып табылатын Таухидті білдіре алмайды. Өйткені, бұл жағдай, біраз үзірлік себебі болатын білімсіз түрдегі қабыл етпеу емес. Расында бұл, жоққа шығару, мойындамау. Мұғжизалары арқылы, атқарған істері арқылы, ғаламның мақтанышы және адамзаттың құрметті дәрежеге көтерілуіне бастау болған Мұхаммед Алейһиссәлату Уәссәламды теріске шығарушы адам, әлбетте ешбір жөннен ешбір нұрға бөлене алмайды, Аллаһты, танымайды.
Жарайды... әзірге осы жетер.
26мектуп,4-тақырып