Рисалей Нұр
@risalekz.com
Құранның замануи тәпсірінен иман ақиқаттары.
77 posts
Ислам

Құқықуллаһ пен Жеке құқықтар

Осыған қатысты бір ақиқат қағидасын айта кету қажет: «Жеке құқықтар» және өзіндік бір «Құқықуллаһ» болып саналатын «жалпының құқықтары» деп аталатын екі түрлі құқық бар. Сондай-ақ, шариғат мәселелерінде де, кейбір мәселелер, тұлғалардың жеке басына қатысты болады. Кейбіреуі жалпы бұқараға қатысты болады. Бұлар «Ислами нышандар» деп, аталады. Бұл нышандар бұқараға қатысты болғандықтан оларда жалпы бұқараның үлестері болады. Бұқараның ризашылығы болмаса, оларға тиісу, жалпы бұқараның хұқығына қол сұғу болып саналады. Ол нышандардың ең кішкенесі (сүннеттің бір мәселесі) ең үлкен бір мәселе ретінде, маңызды болып қаралады. Тікелей, Ислам әлеміне қатысты болғанындай, сонау бақыт ғасырынан бастап (пайғамбарымыздың...

Сүннет баспалдағы және Бидғат дертінің емі

Иә, пайғамбарымыздың сүннетін ұстану өте манызды. Әсіресе, бидғаттар көбейіп, келеңсіздік өрши түскен кезде маңыздылығы арта түседі. Әсіресе, үммет бүлінген кезде сүннет амалдарының азғантайын орындау адамның тақуалығын, иманының беріктілігін көрсетеді. Сүннетті толық ұғынып, мойынсұну, ардақты Пайғамбарымызды (с.а.у.) еске түсіреді. Оны еске алғанда Илаhи сенім пайда болады. Яғни, пенде өзін Аллаhтың алдында екенін сезінеді. Тіпті, ішіп жеу, жүріс-тұрыс сияқты күнделікті амалыңның өзін Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сүннетіне сәйкес орындағанда әлгі жәй амал, күнделікті іс, сауапты ғибадатқа айналып, шариғат амалы болып есептеледі. Өйткені, ол әдеттегі әрекеті арқылы Пайғамбарымызға мойынсұнғандығын...

Тек қана "Лә Иләха Иллалах" жеткілікті ме? Яғни, "Мұхаммаду Расуллах" демесе де, құтыла ала ма?»

Шаһадат кәлимасының екі сөйлемі, бір бірінен айрылмайды, бірін бірі  дәлелдейді. Бір бірінің кепілі. Бірінсіз бірі бола алмайды. Пайғамбарымыз  Алейһиссәлату Уәссәлам, Бүкіл пайғамбарлардың мирасқоры. Ендеше, Аллаһқа апаратын бүкіл жолдардың басында. Оның ұлы даңғалынан сырт  ақиқат та, құтылу жолы да жоқ. Зерттеуші имамдар, Сағди Ширази секілді:ﻣُﺤَﺎﻟَﺴْﺖْ ﺳَﻌْﺪِﻯ ﺑَﺮَﺍﻩِ ﻧَﺠَﺎﺕْ ٭ ﻇَﻔَﺮْ ﺑُﺮْﺩَﻥْ ﺟُﺰْ ﺩَﺭْ ﭘَﻰِ ﻣُﺼْﻄَﻔٰﻰ

Япырау, сонда Исламиятсыз иман тозақтан құтқара ала ма?

Жауап: Имансыз Исламият тозақтан құтқара алмайды. Сондай-ақ, Исламсыз Иман да тозақтан құтқара алмайды. Иә, Аллаһқа шүкір Құран Кәрімнің тылсым мағыналарының бұлағынан нәр алған Рисалей-Нұр Ислам діні мен Құран ақиқаттарының жемістері мен нәтижилерін көрсетіп бергендігі сонша, егер түсіне алса, дінсіздердің өзі оған қолдау көрсетпеуі мүмкін емес. Сонымен қатар, Иман мен Исламның дәлелдері мен айғақтарын анық түрде көрсетіп бергендігі сонша, егер түсіне алса, мұсылман еместер де мұны мақұл көреді.