Ислам
July 3, 2020

Сүннет баспалдағы және Бидғат дертінің емі

"Үмметім бүлінген кезде кімде-кім менің сүннетімді ұстанса, жүз шейіттің сауабын алады" деген екен.

Иә, пайғамбарымыздың сүннетін ұстану өте манызды. Әсіресе,
бидғаттар көбейіп, келеңсіздік өрши түскен кезде маңыздылығы арта түседі.
Әсіресе, үммет бүлінген кезде сүннет амалдарының азғантайын орындау
адамның тақуалығын, иманының беріктілігін көрсетеді. Сүннетті толық
ұғынып, мойынсұну, ардақты Пайғамбарымызды (с.а.у.) еске түсіреді.
Оны еске алғанда Илаhи сенім пайда болады. Яғни, пенде өзін Аллаhтың
алдында екенін сезінеді. Тіпті, ішіп жеу, жүріс-тұрыс сияқты күнделікті
амалыңның өзін Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сүннетіне сәйкес орындағанда
әлгі жәй амал, күнделікті іс, сауапты ғибадатқа айналып, шариғат амалы болып есептеледі. Өйткені, ол әдеттегі әрекеті арқылы Пайғамбарымызға
мойынсұнғандығын ойлап, бұл іс шариғаттың әдебі екенін біледі. Шариғат
иесі – Сол екендігін тағы да еске алады. Осыдан барып нағыз шариғат иесі –
Аллаh Тағалаға көнілі ауады. Бұдан Аллаhтың құзырына шығады, амалдары
құлшылық болып саналады.
Міне, сондықтан сүннетке сәйкес өмір сүруді әдетке айналдырған кісі,
тұрмысын, күнделікті әдетін ғибадатқа айналдырады. Бүкіл өмірі жемісті
әрі сауапты болады.

Имам Раббани Ахмед Фаруқи (р.а.) былай деген
екен: "Әулиелердің рухани дамуы кезінде ең жарқын, аса айбынды да қауіпсіз жолдағылар, сүннетке мойынсұнуды басты негіз етіп ұстанғандар екенін көрдім. тіпті, ол жолдың қарапайым әулиесі басқа жолдың тандаулы әулиелерінен әлдеқайда ұлық көрінетін".

Дегенмен, тариқаттағы вирдтер, (дұғалар) зікірлер, өзіндік мешреб (жолдар) болса, негіздері Кітап пен Сүннеттен алыну шартымен, бөлек-бөлек түрде, басқа-басқа бейнеде болғанымен бекітілген ережелер мен сүннеттің негізіне қайшы келмесе "бидғат" саналмайды. Алайда кейбір ғалымдар бұлардың кейбірін "бидғат" деп есептегенмен, "бидға-й хасене" яғни "болымды бидғат" деп теріс көрмеген.

Иә, Мүжеддид-і Әлф-і Сани Имам Раббани (р.а.) дұрыс айтады. Сүннетті
басты мақсат деп ұстанған адам Хабибуллаhтың саясында Аллаhтың сүйікті
құлдарының қатарына қосылады.

Ардақты Пайғамбарымыз Алейhиссалату Уассаламның
сүннеті үш түрлі бұлақтан бастау алады. Олар: Айтқан сөздері, істеген амалдары, хал-ахуалы.
Бұл үшеуі де үш түрге бөлінеді: Парыздар, нәпілдер, жақсы әдеттер.
Парыз бен уәжіп түріне мойынсұну мұсылманға міндетті түрде шарт, орындамағандар жазаға тартылып, азап шегеді. Мүминдер мойынсұнуға
міндетті. Ал, нәпіл түрі болса қызықтыру, сүйсіндіру дәрежесінде болғанымен иман еткендер орындауға міндетті. Бірақ істемесе азап немесе
жаза жоқ. Істесе, мойынсұнса мол сауап жазылады. Ал, оны өзгертсе, алмастырса бидғат, далалет (адасу) болып, үлкен қателік саналады. Ал,
жақсы әрекеттері мен керемет игі амалдары болса, хикмет тұрғысынан
болсын, пайда жағынан болсын жеке өмірге, не қоғамдық өмірде пайдасы
зор, орындалса нұр үстіне нұр. Өйткені жәй бір әрекетінің өзінде өмірге
пайдалы көптеген хикмет-даналықтар бар. Сонымен қатар, оған сәйкес
әрекет еткенде күнделікті жәй әдеттер мен тұрмыс-тіршілік құлшылыққа
айналады.

Сүннетті орындамай жүргендер, егер жалқаулық басып, ерініп жүрсе,
көп зиян шегіп жүр, ал менсінбей жүрсе, үлкен қылмыс жасап жүр, ал
өтірікке шығарғандай мінеп-сынап жүрсе, қатты адасуда.

Мысалға, ақылдың бұзылуы мен сөніп қара басуы, яғни ифрат пен
тефриттің кесірінен болатын топастық пен айлакерліктен аулақ, пәк
болып, орта жол, тура бағыт ұстанып, ақылын даналықпен пайдаланған.
Ал, ашу-ыза сезімінің ифрат пен тефритінен пайда болатын қорқақтық пен
көзсіз батырлықтан аулақ болып, ашу сезімінің орта жолы, тура бағыты аса
ержүрек, асқан батыр болған.
Ал, ләззат пен ойын-сауық, құмарлық сезімінің бұзылған түріндегі
«ифрат» пен «тефриттен», яғни селқостық, еш нәрсеге қызықпаушылық
пен көрсеқызарлықтан ада пәк, ары таза намысты болған. Сондай-ақ, бүкіл
іс-әрекеттерінде, хал-ахуалында шариғат үкімдеріне сай тура жолды ұстап,
«ифрат» пен «тефриттен», яғни зұлымдық пен қараңғылықтан, ысырап
пен бекерге мал шашпақтан аулақ болған. Тіпті, сөйлегенде, ішіп-жегенде
үнемділік ережелерін қатаң сақтап, ысырап жасамаған. Бұл ақиқатты егжей-
тегжейлі түсіндіретін мыңдаған кітаптар жазылған.


11-лема