Рисале
November 22, 2019

Рисалей-Нұрдың ұстанымы

тек қана тәуһид пен иманның негіздерін шын ықыласпен жеткізу. Іші, Құран мен Исламның ақиқаттарына толы. Аллаһтың мейірімімен мұсылман халықты рухани да, материалдық та пәлекеттерден құтқарар Құран мен Иманның берік қамалы қызметін атқаруда. Рисалей-Нұр, Иман, Құран ақиқаттарына қарсы шыққандармен күресу барысында күш қолдану немесе айтысып-тартысу жолын емес, дәлелдермен көз жеткізу, түсіндіру әдісін таңдаған. Рисалей-Нұрдың жүз отыз тақырыбының бәрінде де ақиқаттың жарқын жүзі бүкіл болмысымен анық көрсетілуде. Хақ дініміздің және адамзаттың бақыт жұлдызындай болған Құранның мұғжизалығын әлемдегі философиялық ой-пікірлердің барлығын қанағаттандырарлық дәлелдермен көрсетіп берген. Адамзаттың дамуы, бүкіл кемелдіктер мен мәдениеттің жетістіктері, барлығы да, Илаһи діндер мен пайғамбарлардың қолымен жасалғанын, әсіресе, Ислам дінінің арқасында және Ислам әлемінің басшылығымен адамзаттың надандықтан құтылғанын логикалық дәлелдермен дәлелдеп отыр....

Ақыреттік бауырларыма маңызды бір ескерту: Екі нәрсе айтылады.

Біріншісі: Рисалей-Нұрмен айналысқан адамның ең маңызды шаруасы, рисалелерді жазу немесе жаздыру және солардың таралуына көмектесу. Оларды жазып, жаздырып, оқыған адам “Рисалей-Нұр шәкірті” болып саналады. Осы атқа лайық адам ретінде әр қашан менің дұғаларыма және рухани жетістіктеріме ортақ болады. Менен басқа да дұға етуші мыңдаған бауырларым мен Рисалей-Нұр шәкірттерінің дұғалары мен рухани жетістіктеріне ортақ болады. Рисалей-Нұрды жазған кезінде төрт түрлі құлшылық еткен болып саналуы мүмкін. Біріншіден, өзінің иманын күшейтеді.

Екіншіден, басқа біреудің иманын құтқаруға тырысады.

Үшіншіден, Хадистің үкімі бойынша “Бір сағаттық Тәфәккур (ой-толғау) кейде бір жыл бойы құлшылық еткендей”, болып саналатын имани тәфәккурге қол жеткізуі мүмкін. Төртіншіден, қол жазбасы нашар ұстазына көмектескен болып саналатындықтан жетістіктеріне де ортақ болу сынды көптеген пайдаларға кенелуі мүмкін. Кішкентай ғана рисаленің өзін жазып алған адам, маған үлкен сыйлық бергендей болып саналады. Олардың әр беті бір пұт шекерден де қымбат. Бұл сөздердімнің растығына серт беремін.

Екіншісі: Рисалей–Нұрдың қатыгез де Имансыз, жын және адам дұшпандары, Оның болаттай берік қамалдары мен алмас қылыштай өткір де күшті дәлелдеріне қарсы тұра алмағандықтан, жасырын айла тәсілдер қолдана отырып, Рисалей-Нұрды жазып таратушы бауырларымның ынта-жігерлерін бәсеңдету, жазуын тастату жолында шайтани әрекеттерге баруда. Әсіресе осы аймақтар Нұрларға мұқтаж, жазушылар өте аз болғандықтан, бұл елді Рисалей Нұрдың ақиқаттарынан мақұрым қалдыруға тырысуда... Ақиқаттарды танып, білу үшін менімен сұхбаттасқысы келген адам, кез-келген рисалені оқыса, менімен емес, Құранның қызметшісі болған ұстазымен кездесіп, имани ақиқаттар жайлы тамаша сабақ алады...