Тіпті логика ілімінде «Қазие-и макбуле» деп аталатын қағида бар. Яғни жоғары дәрежелі кісілердің дәлелсіз айтқан сөздерін мақұл көру. Логика бойынша нақты, мүлтіксіз дегенді білдірмейді. Көпшіліктің ойын қанағаттандырады. Логика ілімі бойынша нақты дәлелдер,жақсы ойлар мен атақты кісілердің пікірлеріне қарамайды. Мызғымас дәлелдерге қарайды. Рисалей-Нұрдағы барлық айғақтар, осындай нақты дәлелдер болып саналады. Әулиелер амал, құлшылық арқылы, сүлүкте, риязетте ақиқаттарға көз жеткізіп, перделердің артында тұрып, имани ақиқаттарға куә болса, Рисалей-Нұр ғылым арқылы ақиқатқа жол ашқан. Сүлүк етіп, вирд оқудың орнына, логикалық дәлелдер мен ғылыми айғақтар арқылы ақиқаттардың ақиқатына жол ашқан...
✍️🤲Рисалей Нұр - Құранның керемет тәпсірі. Осындай құнды жұмыстың пайдасын көру - үлкен мәртебе. Егер оқығанда келесі қағидаларға назар аударатын болсақ, оның пайдасы бұдан да көп болады деп ойлаймыз: • Өзгелерге айту үшін емес, өзіміз үшін оқу. • Аздап болса да күн сайын оқу. • Кіші сөздер, жиырма үшінші сөз және Хашир рисалесі сияқты жеңілірек еңбектерге басында басымдық беру керек. • Жаңа терминдарды оқып үйрену. Егер оқырман ай сайын рисаледен жаңа сөздерін жаттап алып отырса, бұл бір жыл ішінде үлкен сөздік қор жиналары сөзсіз. • «Нұр» дәрістерді біздің щеңберде өткізілсе, оларды үнемі қадағалап отыру, егер жоқ болса, бастау керек. • Осы ілімде деңгейі жақсы адамдармен алдын-ала сабақ өткізу. Мысалы, алдын ала белгіленген...
Хадис бойынша әр ғасырда діннің жоғарғы мәртебелі қызметшілері келіп, діннің мерейін көтеретіні жайлы сүйіншілеп хабар берілгені белгілі. Олар, "мубтәди" емес, "муттәбилер" яғни олар өз ойларынан жаңа бір нәрсе қосып, үкім шығармайды. Діннің негіздерін, шариғат үкімдерін, Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сүннетін айнытпай ұстана, отырып дінді қуаттап, негіздерін бекітіп, діннің ақиқатын, асылын жарыққа шығарады. Дінге араластырмақ болған бұрыс, жат пікірлерді жойып, Аллаһтың әмірлерінің орындалуына атсалысып, шариғаттың үстемдігін халыққа көрсетіп, жаһанға жар салады. Олар діннің негіздерін әсте өзгертпей, оның рухына тиіспей, тек түсіндіруге келгенде жаңа тәсіл қолданып, заманның ұғымына сай түсініктеме жасап...
тек қана тәуһид пен иманның негіздерін шын ықыласпен жеткізу. Іші, Құран мен Исламның ақиқаттарына толы. Аллаһтың мейірімімен мұсылман халықты рухани да, материалдық та пәлекеттерден құтқарар Құран мен Иманның берік қамалы қызметін атқаруда. Рисалей-Нұр, Иман, Құран ақиқаттарына қарсы шыққандармен күресу барысында күш қолдану немесе айтысып-тартысу жолын емес, дәлелдермен көз жеткізу, түсіндіру әдісін таңдаған. Рисалей-Нұрдың жүз отыз тақырыбының бәрінде де ақиқаттың жарқын жүзі бүкіл болмысымен анық көрсетілуде. Хақ дініміздің және адамзаттың бақыт жұлдызындай болған Құранның мұғжизалығын әлемдегі философиялық ой-пікірлердің барлығын қанағаттандырарлық дәлелдермен көрсетіп берген. Адамзаттың дамуы, бүкіл кемелдіктер мен мәдениеттің...