Әһл-и бейт және Имамдық
Имамдық мәселесі негізгі мәселе болмаса да көп мән берілгендіктен Имани мәселелердің қатарына кіріп, Кәлам және Дін ілімінде өзекті мәселеге айналып, біздің Құранға және Иманға байланысты қызметімізге қатысты болғандықтан біршама баяндауға тура келді.
Ардақты Пайғамбарымыз Алейhиссалату Уәссаламның Хазіреті Хасан мен Хүсейін кішкентай кездерінде оларға жасаған асқан қамқорлығы, үлкен мән беруі тек қана немересі болғандықтан аталық, туыстық сезімінен туған махаббат емес. Олар пайғамбарлық міндеттің ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын нұрлы жолының бастамасы болғандықтан сол бір ұлы шежіренің атынан олардың уәкілдеріне аса мән берілген. Пайғамбарымыздан мирас болып қалған маңызы зор жамағаттың қайнар көзі, мазмұны, уәкілдері болғандықтан солай жасаған.
Иә, Ардақты Пайғамбарымыз Алейhиссалату Уәссалам Хазіреті Хасанды (р.а.) аса мейірімділігімен құшағына алып маңдайынан сүю арқылы Хазіреті Хасаннан (р.а.) тарайтын нұрлы да қасиетті ұрпағы Ғаус Ағзам Шах-ы Гейлани сияқты көптеген Мәһди тәрізді тура жолға шақырушы Пайғамбарымыздың мұрагерлеріне, Шариғатты жеткізушілерге деген ілтипатын білдірген. Олардың келешекте атқарар маңызды қызметтерін пайғамбарлық назарымен көріп, бағалап риза болған. Оларды ынталандыру, қолпаштау ретінде Хазіреті Хасанның (р.а.) маңдайынан сүйген. Хазіреті Хусейінге аса мән беруі мен мейірімі де солай. Хазіреті Хусейіннің (р.а.) нұрлы ұрпағынан тарайтын Зейнел Абидин, Жағфар Садық сияқты өте жоғары мәртебелі имамдар мен пайғамбарымыздың нағыз мұрагерлері саналатын Мәһди сияқты нұрлы жандар үшін Ислам діні мен пайғамбарлық міндеті атынан Хазіреті Хусейннің (р.а.) мойнынан сүйген, аса мейірімділік танытып мән берген.
Расул-ы Әкрәм Ғалейһиссалату Уәссалам пайғамбарлық міндетін атқарғанына ақы сұрамайды. Тек Әһл-и бейтін (Пайғамбарымыздың өз ұрпағы) жақсы көруді сұрайды. /Шура, 42: 23/
Бұл мағынаға қарағанда, туыстық жағынан бір пайда көзделген сияқты көрінеді. Алайда,маңыздылық ұрпақ пен текте емес, Аллаhқа жақындық жағында.
Үмметінің ташахудтте дұғасы, яғни, намазда отырғанда айтылатын "Әл" (отбасы) туралы дұғасы қабыл болатынын білген. Яғни, Ибраһим әулетінен тараған көптеген нұрлы көсемдер Хазіреті Ибраһимнің (а.с.) ұрпағынан шығып, пайғамбар болғаны сияқты, Мұхаммедтің (с.а.у.) үмметінде де Исламның ұлы міндетін мойнына алып, Пайғамбарымыздың жолы мен сүннетін қаз қалпында сақтаушы топтың қозғаушы күші Мұхаммедтің де (с.а.у.) өз ұрпағынан шығатын тұлғалар екенін көрген.
Пайғамбарлық міндеті соған қарай жалғаспай ма? – деген сұрақ қойылса, оның жауабы мынау:
– Ардақты Пайғамбарымыз Алейһиссалату Уәссалам ғайып аян, парасатты назарымен Ислам әлемінде бейне бір нұрлы ағаш тәрізді мұсылмандардың барлық сыныбына кемелдік дәрісін беріп жол көрсететін, ұстаздық міндетін атқаратын жандардың басым көпшілігі Әһли-бейттен яғни қызы Фатима анамыздың ұрпағынан тарайтынын көрген.
Бұл ақиқатты қуаттайтын бір риуаятта былай делінген: "Сендерге екі нәрсе қалдырамын, солардан айырылмасаңдар адаспайсыңдар. Біріншісі – Китабуллаh (Құран), екіншісі – Әһли-бейтім". Өйткені Сүннет-і сәниенің қайнар көзі, сақтаушысы және қай жағынан болса да жақтаушысы болуға міндетті – Әһл-и бейт яғни өз ұрпағы. Міне, осы сырға сүйене отырып, кітап пен сүннетке мойынсұну керек деген сөз арқылы хадистің мәнісі анықталғандай. Демек, Пайғамбарымыз Әһли-бейтім деп ұрпағын мегзеген кезде, өзінің көркем сүннетін айтып отыр. Көркем сүннетін ұстамайтындар нағыз Әһл-и бейт бола алмайды.
Тіпті, Әһл-и бейтке дос та бола алмас. Сондай-ақ, Әһл-и бейттің айналасына үмметін жинағысы келген. Ондағы мақсаты, уақыт өткен сайын Әһл-и бейттің саны көбейетінін Аллаhтың рұқсатымен білген және Исламияттың әлсірейтінін аңғарған. Олай болса, Ислам әлемінің рухани дамуына ұйытқы әрі темірқазық болатын өте қуатты, сан жағынан көп, бір-біріне иық тірейтін жамағат керек. Аллаhтың рұқсатымен осыны ойлаған, сөйтіп, Әһл-и бейтінің айналасына үмметінің топтасуын қалаған.
Иә, Әһл-и бейт, сенім мен иман тұрғысында басқалардан тым асып кетпесе де тәсілім болып, жақтасуға келгенде алдына жан салмайды. Өйткені олардың табиғатында Ислам дініне деген құштарлық бар. Мұны олар, нәсілдік жағымен, туыстық тұрғысынан істейді. Ата жолын нәсіл жағынан ұстану болса, ол жол қарапайым, аты шықпаған, тіпті бұрыс болса да жалғаса бермек. Ал, өте атақты да әйгілі, тым адал, мерейі үстем, бүкіл ата-бабасы сол жолда жүрген және абыройға бөленіп, жандарын пида еткен ақиқатқа жақтасу, оны құптау қаншалықты мықты да берік әрі табиғи екенін сезген адам құптап, жанталаса жақтасуды қоя ма? Әһли-бейт яғни Пайғамбарымыздың ұрпағы туа бітті болмысымен Ислам дінін қолдап, қызу қуаттаушылар, әрі әр тұрғыдан жақтасушылар.
Сондықтан Ислам дінін қуаттайтын жәй, қарапайым нәрсенің өзін олар күшті дәлел ретінде қабылдайды. Өйткені табиғатынан дін Исламға жақ. Басқалар болса, нақты дәлелдерден кейін барып жақтасады.
14-лема1-бөлім