Ей, мына Әмәуи мешітінде отырған бауырларым және Ислам әлемі атты алып мешіттегі туысқандарым!
Адамзат өмірі дегеніміздің өзі – жолаушылық. Құранның нұрымен байқап көрсем, дәл қазіргі жағдайда бұл жол батпаққа кірді. Бишара адамзат осы жиіркенішті, сасық, батпақты жолда жығылып-сүрініп кетіп барады. Алайда, адамзаттың бір тобы бөгетсіз сара жолды тауып сонымен жүріп барады. Ал бір тобы әлгі батпақты жолдан аман шығу үшін қолдарынан келгенше кейбір құралдарды тауып алған. Көпшілігі осынау батпақты жолдың тереңіне түсіп, қараңғылықтан шығар жол таппай мүлде адасуда. Ал әлгі батпақты жолдағылардың жүзден жиырмасы мастыққа түскендіктен сасық батпақты жұпар иісті әтір деп, бет-ауызына жағып, былғануда, сүрініп-қабынып жүріп, батып кетіп жатыр. Қалған сексен пайызы бұл...
Бізбен араласып жүрген бір кісі көп адамдардың шағымданатыны секілді, бұдан бұрын тариқатта жүріп ережесін қатты ұстанып, дұға-әурад оқығанда құлшыныс зауық, ләззат, алғанын қазір одан айырылып қалғанын, пайда болып сөйтіп ұйқы басып, мазасы кететінін өкіне шағым айтты. Оған былай дедік:
اِذَا زُلْزِلَتِ اْلاَرْضُ زِلْزَالَهَا وَاَخْرَجَتِ اْلاَرْضُ اَثْقَالَهَا وَقَالَ اْلاِنْسَانُ مَا لَهَا يَوْمَئِذٍ تُحَدِّثُ اَخْبَارَهَا بِاَنَّ رَبَّكَ اَوْحٰى لَهَا .. الخ
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.
Саид Нұрсидың қолы қойылған «Тәкбират-үл худжаж фий Арафат» атты хатта былай делінген: «Рисалей-Нұрдың бағзы хас шәкірттері қайта-қайта қоймай ақырзаманда келетін Ал-і Бейттен шығатын мүршидті сіз деп айтады. Ал сіз болсаңыз олардың бұл дегендерін қайта-қайта қабылдамай, тартыншақтайсыз. Бұл түсініксіз жәйт, мұнда бір қарама-қайшылық бар. Осы мәселені шешіп берсеңіз!» деп сұрағандарына былай дейді:
Ардақты Пайғамбарымыз талай мұғжизалар көрсеткен, ерекше қасиеттері болған. Бірақ, оның сыртында жүрістұрысы, халжағдайы адам секілді болып, өмірдің заңдылықтарымен санасқан. Ол да суыққа тоңып, қиыншылық көріп, жапа шеккен және тағысын тағы…
Уа, бүгінде ата-әже атанған ардақты қариялар! Мен де сіздер секілді қартпын. Қарттық шағымда ауық-ауық көңіліме үміт берген мағыналарды және сол үміт пен жұбаныш нұрларына сіздерді де ортақ қылсам деген оймен бастан өткен кейбір жағдайларды баяндап берейін. Бұл нұрлар мен үміттер әлбетте менің нұқсан да шектеулі қабілетіме қарай көрінді. Иншаллаһ, сіздердің пәк әрі күшті қабілеттеріңіз көрген нұрымды одан әрі нұрландырып, үміттерімді әлдеқайда үкілендіре түседі деп ойлаймын. Сол үміт пен нұрдың қайнар бұлағы – иман. Күз мезгілі. Қарттықты алғаш мойындай бастаған кезім. Екінді уақытында биіктеу төбеге шығып, дүнияға назар салдым. Кенет өкінішті де мұңлы, тіпті көкейді көр қылатын күйге түстім. Мен, қартайған екенмін. Бүгінгі күн...
Біреудi жамандау айып және нашар қылық екенін, жиіркеніштілігін Құран Кәрім бір ғана аятымен алты жақты көрсеткендігі «Жиырма бесінші Сөзде» тәпсiр етiлген. Құранның назарында ғайбаттың қаншалықты жаман нәрсе екендiгi анық көрiнiп тұрғандықтан, басқаша түсiндiрудiң қажеті жоқ. Құранның баяндауынан артық баян болмайды, болуы да мүмкiн емес.
اَلتَّحِيَّاتُ اَلْمُبَارَكَاتُ اَلصَّلَوَاتُ اَلطَّيِّبَاتُ لِلّٰهِ