Үммет
December 24, 2019

Үнемділік

Халиқ-ы Рахим адам баласына берген нығметтерінің ақысы ретінде шүкір етуді сұрайды. Ысырап болса шүкіршілікке қарама-қайшы, әрі нығметті менсінбеушілік әрі зиянды. Үнемділік болса, нығметті құрметтеу әрі өте пайдалы.

Иә, үнемдеу дегеніміз мағынауи яки ойша шүкір ету әрі нығметтегі Аллаһтың рахымына деген құрмет әрі береке бұлағы және диета секілді денсаулыққа пайдасы зор амал. Әрі ол адамды рухани қайыршылықтан құтқарады, ар намысты сақтап қалады. Нығметтерден ләззат алуға және ләззатсыз көрінген нығметтердің ләззатын алуға бірден-бір себеп. Ысырап қылу осы хикметтерге қарама-қайшы болғандықтан жағымсыз әрі зардабы тиеді. Әр нәрсені үнемді пайдаланған адам өмірінде күн көрістің тауқыметі мен машақатын көп көрмейді.

Иә, қолда барын үнемдемеген адам, бейшаралыққа, рухани қайыршылыққа душар болуы әбден мүмкін. Бұл заманда ысырапқа себеп болатын ақша өте қымбатқа түседі. Ақысына кейде ар-намыс пара ретінде берілсе, тіпті кейде орнына діни қасиетті қағидалар құрбан боп жатады. Сосын әлгі лас ақша беріледі. Демек, рухани мың теңгелік зиян шегіп, бір теңгелік (заттық) пайда көреді.

Асылында үнемділік пен сараңдық мүлдем бөлек нәрсе, сырт көзге ұқсағанымен арасы жер мен көктей. Мысалы кішіпейілділік, жағымсыз мінез саналатын жалбақтау, өзін төмендетіп қор қылудан мағынасы мүлдем басқа. Сырттай ұқсағанымен біреуі жақсы, екіншісі жаман қасиет. Сондай-ақ, жаман қасиет болып саналатын тәкаппарлық пен байсалдылық та сырттай ұқсағанымен мағынасы мүлдем басқа. Сол сияқты, Ардақты Пайғамбарымыздың әсем мінезқұлқынан бастау алатын, тіпті әлемдегі Иләһи хикметке толы жүйенің өзегі болып саналатын үнемділіктің де өмір бақи жарымау, қызғаншақтық, қанағатсыздық және ашкөздік секілді жаман қасиеттердің жиынтығы болған сараңдықпен ешқандай қатысы жоқ. Тек сырт көзге ұқсас келеді. Бұл ақиқатты растайтын бір оқиға айтып берейін.

Ысырапшылдық адамды ашкөз қылады. Ашкөздіктің үш салдары бар.

Біріншісі: Қанағатсыздық. Қанағатсыздық адамның еңбекке деген ынтасын жояды. Шүкір етудің орнына шағым айтқызады әрі жалқау қылады. Заңды да адал аз пайданы тастатып* заңсыз көлденең табыс іздетеді.

Екіншісі: Құр қалу, зиян шегу. Мақсатына жете алмау және жағымсыз атанып сәтсіздікке ұшырау, жеңілдік пен жәрдемнен мақұрым қалу.

Ашкөздік пен қанағат жануарлар әлемінде де айқын көрініп, заңдылық ретінде жағымсыз әсерін тигізіп жатады. Атап айтар болсақ, ризыққа мұқтаж ағаштардың табиғи қанағатшыл жағдайы оларға қажетті қоректік заттарды өзіне жүгіртіп қоюы, ал, жануарлардың ашкөздене ризық табуға жүгірсе де жарымай, машақатқа түсуі, ашкөздіктің қаншалықты зиянды екенін, ал қанағаттың мол табыс пен береке көзі екенін көрсетеді. Әрі, әлсіз, дәрменсіз нәрестелер хал тілімен қанағат еткендіктен қоректігі мол сүт олардың аузына күтпеген жерден құйылып жатуы, ал жануарлардың ашкөздігіне орай жеткіліксіз әрі лас ризық бұйыруы айтқанымызды нақтылап дәлелдей түседі.

«Қанағат – жақсы тұрмыс пен рахат өмірдің құпия қазынасы. Ал, ашкөздік адамды зиянға ұшыратып, пақырлыққа бастайды».

Үшіншісі: Ашкөздік ықыласты бұзады. Ақыреттік істерге зияны тиеді. Себебі, егер тақуа адам ашкөз болса, халықтан қошемет күтеді. Ал, халықтың қошеметін қалаған адамның ықыласы толық болмайды. Бұл өте маңызды әрі абай болатын жәйт. Сонымен, ысырап адамды қанағатсыз қылады. Ал қанағатсыздық еңбекке деген ынтаны жойып, жалқаулыққа салады. Сосын тұрмыс жағдайына риза болмай, әрдайым шағым айтатын болады. Һәм, қанағатсыздық ықыласты бұзып адамды екі жүзділікке итереді. Һәм, абыройдан айырып тіленшілікке сүйрейді. Ал, үнемділік болса адамды қанағатшыл қылады.

Адамдар, жалпы барша жұрт үнемділікке мәжбүр болды. Осылайша, үнемділіктің кереметтігі расталды.


19-лема