Япырау, сонда Исламиятсыз иман тозақтан құтқара ала ма?
Жауап: Имансыз Исламият тозақтан құтқара алмайды. Сондай-ақ, Исламсыз Иман да тозақтан құтқара алмайды. Иә, Аллаһқа шүкір Құран Кәрімнің тылсым мағыналарының бұлағынан нәр алған Рисалей-Нұр Ислам діні мен Құран ақиқаттарының жемістері мен нәтижилерін көрсетіп бергендігі сонша, егер түсіне алса, дінсіздердің өзі оған қолдау көрсетпеуі мүмкін емес. Сонымен қатар, Иман мен Исламның дәлелдері мен айғақтарын анық түрде көрсетіп бергендігі сонша, егер түсіне алса, мұсылман еместер де мұны мақұл көреді.
Ондайлар мұсылман болмаса да, иман етеді. Яғни, ақиқатты мойындайды. Сөздер жинағында жазылған ақиқаттар Жәннаттағы Туба ағашының жемістері секілді болған Иман мен Исламның жемістерін және екі дүниенің бақытын көрсетіп бергендігі сонша, бұған көз жеткізгендердің қолдау көрсету, қабыл алу, мойынсұну сезімдерін оятады. Жаратылыстардың өзара байланыстары секілді мықты және зәрре бөлшектердің санындай көп дәлелдермен Иман мен Исламның айғақтарын көрсетіп бергендігі сонша, қалтқысыз мойынсұндырып, күшті иман береді.Иман ақиқаттарының қай қайсысының да керісінше болуы ақылға сиымсыз.
Бауырым, ата-анаңа көптен-көп құрмет пен сәлем жолдаймын. Ол кісілер де маған дұға жасасын. Сен менің бауырым болғандықтан, олар менің де ата-анам секілді. Ауылыңа да сәлем айт, әсіресе сенен Сөздерді тыңдап жүргендерге айрықша сәлем жолдаймын.
Ислам ғалымдарының арасында «Ислам» мен «Иман» ұғымының айырмашылығы жайлы көп сөз болады. Бір тобы «екеуі бір нәрсе» десе, келесі топ, «екеуі екі нәрсе, алайда бір-бірінсіз бола алмайды» деп, әртүрлі пікір өрбітеді. Мен мынадай бір айырмашылықтың барын түсіндім. Ислам – құптау, қалтқысыз берілу. Иман – мойындау, растау. Яғни, Ислам – ақиқатты жақтау, тәсілім, бойсұну. Иман – Хақты жүрекпен қабыл ету, көңілмен бекіту. Бұрындары, Құранның бұйрықтарына қызу қолдау көрсететін дінсіздерді кездестіретінмін. Демек, бір жағынан алғанда ол дінсіздер Аллаһтың қалауымен Исламияттың ішінде жүргендіктен оларға «дінсіз мұсылман» десек, Құранның бұйрықтарына еш қолдау көрсетпейтін, қажет санамайтын мүміндерді де көрдім. Олар «мұсылман емес мүмін» деген атқа лайық болар еді.
9-мектуб