Үммет
January 14, 2020

Шүкір дәрісі

بِسْمِ اللَّهِ الرَّحْمَٰنِ الرَّحِيمِ

لَئِنْ شَكَرْتُمْ لاَزِيدَنَّكُمْ

Егер шүкір етсеңдер, арттыра беремін.

/Сүре 14:7/

деген аят көп қайталанады. Олар, Халиқы-Рахманның құлдарынан сұрайтын ең маңызды талабы шүкір екенін көрсетеді. Шүкір етпеу, берілген нығметтерді жоққа шығару екендігін білдіріп, оның құрылысы шүкірмен тоғысып, шүкірмен нәтижеленеді. Бүкіл нәрсе белгілі бір мағынада шүкірмен ұштасып жатыр. Бейне бір мына жаратылыс ағашының ең маңызды жемісі Шүкір екендігін көрсетеді.

Міне, бұлар шүкір етуге шақыратын себептер. Ол тіршілік иелерін құлшындырып, ынтасын арттырады, жақсы көргізіп, құрмет еткізеді. Бұл да рухани шүкір ету болып саналады. Саналы жандардың назарын өзіне аударып қызықтырады. Нығметтерді қадірлеу сезімін оятады. Осылайша я хал-жағдайымен я ісәрекетімен шүкірге ынталандырады, шүкір еткізеді. Шүкірдің ішіндегі аса құнды, тәтті ләззат пен рахаттың дәмін татқызады.

Шүкіршіліктің өлшемі; қанағат қылу, үнемді пайдалану және ризашылық. Шүкірсіздіктің өлшемі; ашкөздік, шашып-төгу және құрметтемеу. Арам, адал деп талғамай жей беру.

Иә, ашкөздік деген Аллаһқа шүкір етпеу ғана емес, ол адамды құр қалдыратын, қор қылатын жаман нәрсе. Тіпті, топтасып тіршілік ететін мүбарак құмырысқа, бейне бір ашкөздіктің кесірінен аяқтың астында қалып, жаншылап жатады. Өйткені, бір түйір бидай оның бір жылдық азығы бола тұра, қанағат дегенді білмей, қолынан келсе, мыңдаған дәнді ұясына тасып алуға бар. Ал, мүбарак бал арасы болса, қанағатшыл болғандықтан төбемізде ұшып жүр. Қанағат еткендіктен жинаған балын Аллаһтың әмірімен адамдарға береді.

Һәм, шүкірдің ішінде таза иман бар және ол нағыз тәухидті білдіреді. Өйткені бір түйір алманы жеп “Әлхамдүлиллаһ” деген адам: “Бұл алма, тікелей құдірет қолы берген сыйлық. Рақымға толы қазынадан тікелей келген” деп, солай сенетіндіктен барлық нәрсені – (үлкенді-кішілі) бір Аллаһтың құдірет қолына тапсырады. Сондай-ақ, бүкіл нәрседен рақымның сәулесін көреді. Шүкір ету арқылы өзінің толық иманын және нағыз тәухид нанымын білдіреді.

Егер шүкір етпесе, ондай өткінші ләззат тез аяқталатындықтан өкініш пен қайғыға салады және өзі де қоқым-соқымға айналады. Алмастай қымбат нығмет көмірге айналды. Ал шүкір арқылы әлгі уақытша рызықтар мәңгі бақи жеміс береді. Шүкір етілмеген нығмет, керемет күйінен ұсқынсыз түрге енеді. Өйткені ол, ғапыл, дүмбілез адамның ойынша рызықтың пайдасы өткінші ләззаттан соң бос, түкке жарамайтын нәрсе.

Тіршілік атаулының ішіндегі рызыққа аса мұқтажы адам баласы. Аллаһ Тағала адамзатты өзінің барлық есімдерін көрсететін ауқымы кең айна, рахымға толы қазынасындағы сансыз сыйлықтарды өлшеп, таразылап тартатын құралдарға ие, Құдіретінің мұғжизасы, бүкіл көркем есімдерінің көріністерін, шеберлігінің, құпия сырларын пайымдап сараптай алатын жер жәһанның халифасы түрінде жаратқан. Сондықтан ол сансыз қажеттіліктерге, заттық және рухани азықтың көптеген түріне мұқтаж. Адамды осындай күрделі де бай жаратылысына байланысты ең жоғарғы дәрежеге көтеретін яғни ахсән-і тақуимге шығаратын бірден-бір себеп, шүкір.

28-мектуб