Ислам
July 21, 2020

Құқықуллаһ пен Жеке құқықтар

29-мектуб

Осыған қатысты бір ақиқат қағидасын айта кету
қажет: «Жеке құқықтар» және өзіндік бір «Құқықуллаһ» болып саналатын
«жалпының құқықтары» деп аталатын екі түрлі құқық бар. Сондай-ақ,
шариғат мәселелерінде де, кейбір мәселелер, тұлғалардың жеке басына
қатысты болады. Кейбіреуі жалпы бұқараға қатысты болады. Бұлар «Ислами нышандар» деп, аталады. Бұл нышандар бұқараға қатысты болғандықтан
оларда жалпы бұқараның үлестері болады. Бұқараның ризашылығы болмаса,
оларға тиісу, жалпы бұқараның хұқығына қол сұғу болып саналады.
Ол нышандардың ең кішкенесі (сүннеттің бір мәселесі) ең үлкен бір
мәселе ретінде, маңызды болып қаралады. Тікелей, Ислам әлеміне қатысты
болғанындай, сонау бақыт ғасырынан бастап (пайғамбарымыздың с.а.у.
кезеңі, ауд) осы күнге дейінгі Исламның барша ұлы тұлғалары байланған
сол нұрлы шынжырларды үзуге, бұзуға және өзгертуге тырысушылар және
ондайларға жақтас болушылар нендей сұмдық қателік жасауда екенін
ойлансын. Зәрредей бір түйсіктері болса, бұл қылмыстары үшін жандары
түршігуі керек.

Аллаһ Ризасы үшін сын сағаттар арпалысқан майданға кірген
күннен бері Құқықуллаһ пен Жеке құқықтартарды сақтау жолында күндіз-
түні арпалысудасыз. Хақтың да халықтың да көз алдында өзіңізге
тән іліми күшіңіз бен кемелдігіңізді және ағартушылық әдістеріңізді
пайдаланып, осынша ауыр шарттарға қарамастан үздіксіз еңбек етіп
келе жатқаныңызға Періштелер де, Аспан Әлемі, де Ғарыш та, Күрсі,
Ләуһ, Қалам, Жер де, барлық жаратылыс, адам да, жын да, мұсылман
да, емес те мына әлсіз бейшара құл да «Уақыттың да Әлемнің де
соңына дейін куә боламыз» дей аламыз.