Үммет
March 16, 2020

Уайым дерті

Уа, уайымшыл науқас! Сен аурудың мазалайтынын ойлап уайымдап отырсың. Бұлай істеуің ауруыңды үдете түседі. Ауруыңның жеңілдеуін қаласаң, уайымдамауға тырыс. Яғни, аурудың өткінші екенін, оның пайдасы мен сауабын ойла. Уайымдама, қорықпа! Сол кезде аурудың түп тамырына балта шапқан боласың.
Иә, уайым ауруды күшейте түседі. Уайымның кесірінен дене сырқатына
рухтың сырқаты қосылып біріне-бірі дем беріп жалғаса бермек. Егер, Аллаһқа
тәслім болып, тағдырға көнсең, аурудың хикметін ойлап сабыр сақтасаң
аурудың түп тамыры кесіліп, жеңілдеп қаласың, тіпті айыға бастайсың.
Уайымдаған сайын ауруың үдеп ондаған есе ұлғайып, асқынып кетеді. Ал,
уайымдамасаң аурудың оннан тоғызынан құтыласың. Демек, уайым ауруды қоздыратын бәле. Уайымдау – Аллаһтың хикметіне шәк келтіру, Оның
рақымына күмәндану, Жаратқанды шағымдану болып табылады. Мұндай
науқас дегеніне жете алмай керісінше кеселі күшейе түседі.
Ал, шүкір ету болса нығметті арттырады. Шағымдану кесел мен қайғыны
үдете түседі. Мұның жалғыз емі бар. Ол, ауру сырқаттың хикметін, мәнісін
түсіну. Сөйтіп, сары уайымнан құтылып, «Әлхамдулиллаһи ала кулли хал!» яғни, қандай күйде болсам да Құдайға шүкір!» деп, сабасына түсу.


25-лема