Ақырет
February 18, 2020
Өмір формуласы
"Иа Иухи" яғни, өмірді берген – Ол. Азықпен қамтамасыз ететін де – Сол. Өмірді жалғастырып, қажеттіліктерін беретін де – Сол. Өмір сүрудегi басты мақсаттар Оған тиесілі, әрі маңызды нәтижелер Оның қолында, пайданың жүзде тоқсан тоғызы – Оныкі. Міне, бұл кәлима фәни, бейшара адамзатты былай деп сүйсіндіреді:
"Ей, адам! өмірдің ауыр жүгін бүгілген беліңе артып әуре болма.Өмірдің қиыншылықтарын ойлап, түңілме.Тек дүниеуи, түкке тұрғысыз пайдаларына қарап, өмiрге келгеніңе өкінбе. Сенің кемеге ұқсас болмысыңның тұрмыс тiршiлiгi Хаий-ы Қаюмның қолында.Шығындарын өзі өтеп, қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.Өмірдің шексiз мақсаттары мен нәтижелері оған тиесілі. Сен болсаң, ол кеменің бағытына жауапты жауынгерсің. Міндетіңді адал атқар да ақысын ал, алаңдама, көңіліңді еңсеңді көтер! "өмір" дейтін кеменің қаншалықты қымбат, мол табыс көзі екенін әрі ол кеменің иесі қаншалықты Кәрім (Жомарт), Рахим (Аса мейрімді) екенін ойла, қуан, шүкір ет.
Әрі білген жөн! Міндетіңді адал атқарсаң әлгі кемеден түскен күллі пайда мен нәтиже, бір жағынан сенің есебіңе яғни, амал дәптеріңе жазылады. Саған бақи өмір ұтқызып, мәңгі жасатады.
224-б