Жауап: Шайтанның жаралуында азғантай жамандық болғанымен көптеген жалпыға ортақ болымды мақсаттар мен адамзаттың кемелденуі секілді игі істер көзделген. Рас, бір дәннің сонау зәулім ағаш болғанша қаншама мәртебесі болса, адамзаттың да қабілет жағынан мәртебесі сан- алуан. Тіпті жер мен көктей ұзыннан ұзақ созылып жатқан дәрежелері бар. Мұндай зор қабілеттің ашылып жетілуі үшін әлбетте бір әрекет, бір қозғалыс керек етеді. Ондай қозғалыстан болатын даму жұмысы күреспен болары анық. Ол күрес болса, шайтандар мен зиянкес нәрселердің болмысымен іске асады. Әйтпесе, періштелер тәрізді адамдардың да мәртебесі бір қалыпты болып адамзат әлемінде мыңдаған түрлі адамдар болмас еді. Кішкене бір жаманшылықты...
Тарихта Манчжур, Моңғол деп аталған сол кезеңдегі қоғамдық тұрмыстың астанкестеңін шығарған тайпалар және Қытай қорғанының салынуына себеп болған тобырлар қияметке жақын анархиялық идеалогияны ұстанып адамзаттың мәдени тұрмысын тағы да бытшытын шығарып бұзатыны хадистерден белгілі. Бұған кейбір имансыздар сенбей былай дейді: "Мұнша қырғынды салған және салатын тайпалар қазір қайда?"
Жауап: Сахих хадисте риуаят етілген Хазіреті Иса (а.с) келетінін және Ислам шариғатымен амал ететінін, Тажалды өлтіретінін иманы әлсіз болғандар шындыққа жанастыра алмайды. Оның мәнісі түсіндірілсе, ешқандай шындыққа жанаспайтын жағы қалмайды. Ол былай: Әлгі хадистің және Суфиян мен Мәһди жайындағы хадистердің мағыналары мынадай. Ақырзаманда дінсіздіктің екі ағымы күш алатын болады.
اَلَّذ۪ى خَلَقَ الْمَوْتَ وَالْحَيٰوةَ لِيَبْلُوَكُمْ اَيُّكُمْ اَحْسَنُ عَمَلاً
"Иа Иухи" яғни, өмірді берген – Ол. Азықпен қамтамасыз ететін де – Сол. Өмірді жалғастырып, қажеттіліктерін беретін де – Сол. Өмір сүрудегi басты мақсаттар Оған тиесілі, әрі маңызды нәтижелер Оның қолында, пайданың жүзде тоқсан тоғызы – Оныкі. Міне, бұл кәлима фәни, бейшара адамзатты былай деп сүйсіндіреді:
قُلْ اِنَّمَا الْعِلْمُ عِنْدَ اللّٰهِ ٭ لَا يَعْلَمُ الْغَيْبَ اِلَّا اللّٰهُ
Сұрақ: اَلْمَرْءُ مَعَ مَنْ اَحَبَّ сыры бойынша "Жәннатта әркім өз сүйгенімен бірге болады" делінген. Алайда қарапайым бір бәдәуи араб, әз Пайғамбармен бірақ минут сұхбаттасып Аллаһ үшін оған махаббаты оянған болса, енді сол махаббаты үшін жәннатта пайғамбарымыз саллаллаһу аләйһи уасәлламның жанында болуға тиіс. Сонда қалай шексіз нұрға бөленген Расулі Әкрем саллаллаһу аләйһи уасәлләмнің нұры, оның жоғары мәртебесі жәй қарапайым бір бәдәуидің нұрымен, дәрежесімен қалайша тең болады