Ұлы Мәди және Мәдилер
Саид Нұрсидың қолы қойылған «Тәкбират-үл худжаж фий Арафат» атты хатта былай делінген: «Рисалей-Нұрдың бағзы хас шәкірттері қайта-қайта қоймай ақырзаманда келетін Ал-і Бейттен шығатын мүршидті сіз деп айтады. Ал сіз болсаңыз олардың бұл дегендерін қайта-қайта қабылдамай, тартыншақтайсыз. Бұл түсініксіз жәйт, мұнда бір қарама-қайшылық бар. Осы мәселені шешіп берсеңіз!» деп сұрағандарына былай дейді:
Бұдан былайғы келетін Мәһдидің киелі жамағатының мағынауи
тұлғасының атқарар үш міндеті болады. Олар: Иманды сақтау.
Екіншісі: Мұхаммеди хилафат (с.а.у.) атымен Ислами әдеттерді тірілтеді. Үшіншісі: Заманның ағымымен Құран мен Шариғаттың заңдары біршама тоқырап қалғандықтан ол кісі осы ұлы міндетті атқаруға кіріседі. Нұр шәкірттері бірінші міндетті Рисалей-Нұр атқарып жатқанын көргендіктен екінші мен үшінші міндет оның
қасында екінші, үшінші дәрежеде деп Рисалей-Нұрдың мағынауи
тұлғасын орынды түрде белгілі бір мағынада Мәһди деп қабылдайды.
Кейбірі әлгі мағынауи тұлғаның уәкілі болып табылатын бейшара
авторын сол деп ойлап кейде әлгі атты соған да тағып қоятыны бар.
Тіпті, кейбір әулиелер ғайби кәрәмат көрсетіп Рисалей-Нұрды дәл
соның өзі яғни ақырзаманда келетін һидаят қылушы деп санайды.
Мұндай мәселелер терең зерттеп, білгір түрде жору арқылы түсінікті
болады. Екі жерінде шатастыру бар, жору керек.
Біріншіден; Соңғы екі міндет, негізінде, ақиқат көзімен қарағанда
бірінші міндет дәрежесінде емес екені рас. Дегенмен Мұхаммеди
(с.а.у) хилафат және Ислам әлемінің ынтымағы көпшілік халық үшін
және саясаткерлерге әсіресе, осы заманның адамдарына әлгі бірінші
міндеттен әлдеқайда ауқымдырақ боп көрінеді. Иә, әр ғасырда һидаят
қылушы, тура жолға түсіруші белгілі мағынада Мәһди, Мүжәддид
келіп тұрған, келген. Бірақ, олар үш міндеттің тек біреуін бір тұрғыда
атқарғандықтан ақырзаманда келетін ұлы Мәһди атағын ала алмаған.
Екіншіден; Ақырзаманда келетін әлгі ұлы тұлға Ал-і Бәйттен
яғни Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) ұрпағынан шығады.
Шынын айту керек мен, Хазіреті Алидің (р.һ) белгілі мағынада
мағынауи ұрпағы боп саналамын. Одан ақиқат дәрісін алғаным да
рас және Әл-і Мұхаммед (с.а.у.) санатына яғни Сәйіттер жамағатына
белгілі мағынада Рисалей-Нұрдың адал шәкірттері кіретіндіктен
мен де Әл-і бәйттенмін деп айта аламын. Бірақ, Нұршылықта
ешбір тұрғыда менмендік, жеке басқа мән беру, жоғары дәреже,
атын шығарып мәшһүр болу жоқ. Сондықтан Нұрдағы ықыласты
бұзбау үшін маған ақыреттік дәреже берілсе де қабылдамауға
мәжбүрмін» деп толыққанды емес сәл мойындағандай жауап берген
(Сілтеме ) Осылайша, Мәһди мәселесін анық түрде нақты жауаппен
қабылдамағаны көрініп тұр.
Сілтеме: Ей, ынсапсыздар! Бұдан артық нақты жауап бола ма?
/Шұғалар,458-бет/