Үммет
November 5, 2021

80% мен 20%

13-мектуб

Адамзат өмірі дегеніміздің өзі – жолаушылық. Құранның нұрымен
байқап көрсем, дәл қазіргі жағдайда бұл жол батпаққа кірді. Бишара адамзат
осы жиіркенішті, сасық, батпақты жолда жығылып-сүрініп кетіп барады.
Алайда, адамзаттың бір тобы бөгетсіз сара жолды тауып сонымен жүріп
барады. Ал бір тобы әлгі батпақты жолдан аман шығу үшін қолдарынан
келгенше кейбір құралдарды тауып алған. Көпшілігі осынау батпақты
жолдың тереңіне түсіп, қараңғылықтан шығар жол таппай мүлде адасуда.
Ал әлгі батпақты жолдағылардың жүзден жиырмасы мастыққа түскендіктен
сасық батпақты жұпар иісті әтір деп, бет-ауызына жағып, былғануда,
сүрініп-қабынып жүріп, батып кетіп жатыр. Қалған сексен пайызы бұл
жолдың батпақты былғаныш екенін білсе де, басқа таза, даңғыл жолға
түсудің амалын білмегендіктен амалсыз аң-таң. Ал мұның екі шарасы бар:

Біріншісі: Әлгі мас жиырма пайыздың есін жидыратын амал, оларды таяқтап ояту.
Екіншісі: Сексен пайыз есі шығып, аң-таң қалғандардың көзін нұр арқылы ашып, даңғыл жолды көрсету.
Байқасам, әлгі жиырмаға қарсы сексен адам қолына таяқ ұстап алған.
Ал, анау аң-таң болған сексенге көзін ашатын жарық нұр толық көрсетіліп
жатқан жоқ .. көрсетілген жағдайда да бір қолына таяқ, бір қолына нұр ұстағандықтан сенімсіздік туғызуда. Аң-таң байғұс адам:

«Япырау, мені нұрмен алдап шақырып алған соң, таяқпен ұрып жықпақ па?» -деп, күдіктенуде. Сонымен қатар кейбір кедергілердің кесірінен таяқ сынып
қалса ... нұр да жоқ болып кетуде, не сөніп қалуда. Мұндағы батпақ дегеніміз
адасушылыққа, дінсіздікке, қызық құмарлыққа салынып, тура жол таппай
қалған адамзат қоғамы. Ал, мастар дегеніміз бұрыс жолда жүруден ләззат
алатын тәкәппар қырсықтар. Ал, аң-таң қалғандар дегеніміз, адасу жолынан
шаршап, тура жолды қалай табарын білмей сенделіп қалғандар. Ал таяқтар
дегеніміз, саяси ағымдар. Ал, жарық нұр дегеніміз Құран ақиқаттары.
Нұрға қарсы күресуге, дұшпандық етуге болмайды. Қуылған шайтаннан
басқа, одан жиіркенетін ешкім жоқ.