Үммет
April 8, 2020

Қарттарға жұбаныш

Нияз Мысри сияқты:
Ақыреттің саудасын жасамастан өтті өмірiм, кетті босқа жолға түстім не шара, бір де бір із жоқ керуеннен Еңіреп, жылап шықтым жолға, жол да бөтен, тым-тырыс.жасаурап көзім, құлазып көңілім, ақылым аң-таң, не істеуден” деп зар еңіредiм.

Уа, бүгінде ата-әже атанған ардақты қариялар! Мен де сіздер секілді қартпын. Қарттық шағымда ауық-ауық көңіліме үміт берген мағыналарды және сол үміт пен жұбаныш нұрларына сіздерді де ортақ қылсам деген оймен бастан өткен кейбір жағдайларды баяндап берейін. Бұл нұрлар мен үміттер әлбетте менің нұқсан да шектеулі қабілетіме қарай көрінді. Иншаллаһ, сіздердің пәк әрі күшті қабілеттеріңіз көрген нұрымды одан әрі нұрландырып, үміттерімді әлдеқайда үкілендіре түседі деп ойлаймын.
Сол үміт пен нұрдың қайнар бұлағы – иман.
Күз мезгілі. Қарттықты алғаш мойындай бастаған кезім. Екінді уақытында биіктеу төбеге шығып, дүнияға назар салдым. Кенет өкінішті де мұңлы, тіпті көкейді көр қылатын күйге түстім. Мен, қартайған екенмін. Бүгінгі күн де қартайыпты, мына жыл да, мына дүния да қартайыпты. Дүниеден аттанар шақ, сүйген жандармен қош айтысар кезең жақындап қалыпты. Бұл жағдаят жаныма қатты батты. Сол кезде Аллаһтың рахымы мен мол мейрімі жарқын түрде көрінгені сондай, әлгі өкінішті мұң мен қоштасуға толы қайғы, үміт пен жұбаныштың нұрына айналып сала берді.

Сол уақытта бірден Иләһи мәрхамет пен мол мейірімнің жаршысы, делдалы, аудармашысы, абыройы асқақ ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) нұры, оның шапағаты, сондай-ақ, адамзатқа сыйлаған хидает сәулесі әлгі дауасыз құрдым боп көрінген дертіме әсері мол шипа болып ем болды. Көңiлiмдi тұмшалаған қараңғы уайымды жарқын да нұрлы үмітке айналдырды.

уа, мен сияқты қарттықты сезе бастаған ардақты аталар мен әжелер!
Рас, біз болсақ кетіп барамыз. Алданғанмен пайда жоқ. Көзімізді қанша жұмғанмен бізді бұл жерде көп тұрғызбайды. Айдау бар, айдалып барамыз. Алайда, ғапылдықтың нәтижесі яки азғындардың әсерінен көзімізге мәңгіге қоштасу, қараңғы боп көрінген берзах әлемі яғни қабірдегі әлем сүйікті жандардың бас қосқан мәжілісі. Әу баста ол жақта шапағатшымыз Хабибуллаһ Мұхаммед Ғалейһиссалату Уәссалам бар, одан қалды күллі игі жандар мен дос жарандар бәрі сол жақта. Қабір сол достармен қауышу әлемі.Міне, сондай бір жанның шапағатына бөленіп, нұрынан пайдаланудың және берзах қараңғылығынан құтылудың шарасы көркем сүннетке мойынсұну.

Ол кезде елден жырақта едім. Үмітсіз бір қайғы, өкінішті бір қамығу, көмекке зар болып, қасірет көрдім. Сол кезде Муғжизелі Құран көмекке келді. Алдыма үміт қақпасын ашып, күшті демеу, нұр сыйлағаны сондай, әлгі күйдегі үмітсіздік жүз есе ұлғайса да тас-талқан етіп, қою қараңғылықты сейілтер еді.Олай болса, Құран Кәрiмдi қолыңнан тастама. Оның ішінде күллі дертке шипа, қараңғылық атаулыға нұр, кез-келген торығуды тоқтатып, үміттендiретiн қасиет бар.
Нәпсім шарасыз былай деді: Иә, отанымнан жырақта жүрмін. Бірақ, мына елу жылдық өмірімде аяулы жандардан көз жазып, қош айтысып қалдым, олардың соңынан жылап-еңіреп қалған жайым бар. Бұл жайым әлгі отанға деген сағыныштан әлдеқайда мұңлы да ауыр сағыныш. Оның үстіне мына түндегі, мына тау етегіндегі мұңды жалғыздықтан да бетер мұңдырақ һәм қайғылырақ жалғыздыққа беттеп барамын. Ол, әлгі қарттықтың ескерткені сияқты күллi дүниемен бiржола қош айтысар уақыттың жақындап қалғаны едi. Осы қыспаққа алған жалғыздық пен қатты күйзелістен шарқ ұрып бір үміт, бір нұр іздедім. Сол кезде, Аллаһқа деген иманым жәрдемге келді. Жәрдем еткені сондай, жанымды қинаған әлгі қабаттасқан үрейлі жағдайлар мың еселенсе де иманның берген жұбанышы мен демеуi басымырақ болар едi.

26_лема