Рисале
June 17, 2021

Рисалей Нұр және Логика

Тіпті логика ілімінде «Қазие-и макбуле» деп аталатын қағида бар.
Яғни жоғары дәрежелі кісілердің дәлелсіз айтқан сөздерін мақұл көру.
Логика бойынша нақты, мүлтіксіз дегенді білдірмейді. Көпшіліктің
ойын қанағаттандырады. Логика ілімі бойынша нақты дәлелдер,жақсы ойлар мен атақты кісілердің пікірлеріне қарамайды. Мызғымас
дәлелдерге қарайды. Рисалей-Нұрдағы барлық айғақтар, осындай
нақты дәлелдер болып саналады. Әулиелер амал, құлшылық арқылы,
сүлүкте, риязетте ақиқаттарға көз жеткізіп, перделердің артында
тұрып, имани ақиқаттарға куә болса, Рисалей-Нұр ғылым арқылы
ақиқатқа жол ашқан. Сүлүк етіп, вирд оқудың орнына, логикалық дәлелдер мен ғылыми айғақтар арқылы ақиқаттардың ақиқатына жол ашқан. Тасаувуф ілімі мен тариқаттың орнына, тікелей келам
ілімінің ішінен және Ақида ілімі мен Діни қағидалардың ішінен ұлы
әулиеліктің жолын тапқан. Осы ғасырдың ақиқат, тариқат ағымдарын
жығып кетіп отырған философия арқылы адасушылықты Рисалей- Нұрдың жеңіп отырғандығы көз алдымызда.

Салыстыруға келмесе де айталық. Құранның аса күшті, логикаға
сай ақиқаттары, басқа діндерді табиғатшыл философияның
шабуылдарынан құтқарып оларға сүйеу болды. Ерме-еліктеме,
ақылға сыйымсыз қағидалары да сақталып қалды.
Сол сияқты, бүгінгі таңда, Құранның бір мұғжизасы және нұры
болған Рисалей-Нұр да материалистік философиядан туындайтын
ғылыми түрдегі адасушылықтан құтқарып, барлық иманды жандарға
арқа сүйер тіреніш, алыс жақынның бәріне алынбастай қорғанға
айналды. Осыншама сұмдық адасушылықтың ортасында, қарапайым
мұсылмандардың имандарын күдік-күмәндардан, Исламиятын
ақиқатқа үйлеспес азғырудан сақтап тұр.