Ризық
2 түрлі ризық бар.
Біріншісі: Хақиқи (нағыз) ризық. Бұл, тіршілікке қажетті ризық.
وَمَا مِنْ دَٓابَّةٍ فِى الْاَرْضِ اِلَّا عَلَى اللّٰهِ رِزْقُهَا Аяттың үкімі бойынша мұндай ризыққа Аллаһ кепілдік береді. Адамдар араласпаса, ол әрқашан табылады. Ол үшін дінін де, намысын да, абыройын да түсіру керек емес.
Екіншісі: Мәджази (астарлы) ризық. Бұл, аса қажетті болмаса да орынсыз пайдалану себепті аса қажетті нәрсе сияқты және әдет деген бәленің кесірінен міндетті түрде керек болып, белгілі шарт секілді, онысыз мүмкін еместей көрінетін ризық. Міне, бұл ризық Аллаһтың кепілдігінде емес.
Сондықтан мұны табу, әсіресе мына заманда, тым қымбатқа түсіп отыр. Әуелі абырой кетеді, сосын қорлыққа көнесің. Кейде оңбаған адамдардың табанын жалағандай моральдық тұрғыдан төмендетіп, тіпті кейде мәңгі өмірдің шамшырағы қасиетті діннің ұлы қағидалары жайына қалып әлгі берекесіз, сасық нәрсені алып жатады. Әрі бүгінгідей жоқшылықтың қыспағына түскен заманда, аш әрі мұқтаж жандардың қайғы-қасіреті, арнамысты жандардың адамгершілік сезімін қоздырған кезеңде, әлгіндей заңсыз, қисық жолмен тапқан табыстан татқан ләззат әлгіндей арнамысты жандарда мән-мағынасын жойып, мазасын қашырады. Мұндай аласапыран заманда, күмәнді заттарды мәжбүр болғанда ғана және қажетті мөлшерде ғана пайдаланып қанағат ету керек.
Фатыр-ы Хаким адам денесін кемелдіктің ең жоғарғы сатысындағы сарай тәріздес немесе мұнтаздай сәулетті қала секілді жаратқан. Ауыздағы дәм тату сезімі қаланың кіре берісіндегі қарауыл, ал тамырлар мен жүйке тамырлары болса телефон, телеграф желілері секілді байланыс құралдары. Дәм тату сезімі дененің орталығымен яғни асқазанмен тығыз байланыста. Ол ауызға салынған зат жайлы ақпаратты әлгі жүйке тамыралары арқылы хабарлап отырады. Денеге қажетсіз болса “болмайды!” деп сыртқа шығарып тастайды. Кейде денеге пайдасыз болуымен қатар зиянды немесе ащы болса бірден сыртқа түкіріп жібереді.
Өйткені اِنَّ الضَّرُورَةَ تُقَدَّرُ بِقَدْرِهَا сырымен арам нәрседен мәжбүр болғанда, жүрек жалғайтындай жеуге болады. Артығын алуға болмайды. Иә, қиналған адам арам еттен тойғанынша емес, өлмейтіндей шамада ғана жеуіне рұқсат бар. Һәм, жүздеген аш адам отырғанда рахаттана тойып көп жеу де мүмкін емес. Үнемділік, абырой мен кемелділіктің бұлағы.
Міне, осы тұрғыдан алғанда дәм тату қабілеті тек тәнмен, денемен байланысты емес, жүрек, рух және ақылмен де байланысы бар. Сондықтан ол, асқазаннан да жоғары мәртебелі саналады. Ысырап қылмау, тек шүкір ету міндетін орындау және түрлі Иләһи нығметтерді сезу, тану және адал болу, сосын қор болып қайыршылыққа себеп болмау ұрынбау шартымен ләззат алып, рахаттануға болады. Дәм тату қабілетін шүкіршілікке пайдалану мақсатымен тәтті тағамдарды жеуге рұқсат бар.
Аллаһ Тағала асқан жомарт болғандықтан, жарлыға да асқан бай сияқты, кедейге де патша сияқты нығметтің ләззатын татқызады. Иә, кедейдің қатып қалған қара наннан аштық пен үнемділік арқылы алған ләззаты, патшаның немесе бір байдың ысыраптан пайда болған жалығуы тәбетсіз жеген тіл үйірер тағамнан алған ләззатынан әлдеқайда күштірек.
اِنَّ اللّٰهَ هُوَ الرَّزَّاقُ ذُو الْقُوَّةِ الْمَت۪ينُ
үнемділік_рисалесі