Рисале
December 26, 2019

Рисалей-Нұр нендей кітап? Ақиқатында Рисалей Нұрдың мән-мағынасы нендей және оның тәржімешісі кім?

Хадис бойынша әр ғасырда діннің жоғарғы мәртебелі қызметшілері келіп, діннің мерейін көтеретіні жайлы сүйіншілеп хабар берілгені белгілі. Олар, "мубтәди" емес, "муттәбилер" яғни олар өз ойларынан жаңа бір нәрсе қосып, үкім шығармайды. Діннің негіздерін, шариғат үкімдерін, Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сүннетін айнытпай ұстана, отырып дінді қуаттап, негіздерін бекітіп, діннің ақиқатын, асылын жарыққа шығарады. Дінге араластырмақ болған бұрыс, жат пікірлерді жойып, Аллаһтың әмірлерінің орындалуына атсалысып, шариғаттың үстемдігін халыққа көрсетіп, жаһанға жар салады. Олар діннің негіздерін әсте өзгертпей, оның рухына тиіспей, тек түсіндіруге келгенде жаңа тәсіл қолданып, заманның ұғымына сай түсініктеме жасап өз міндеттерін адал атқарады. Мұндай Раббани қызметшілер өздерінің кім екендерін іс-амалдарымен дәлелдейді. Олардың имандары берік, ықыластары зор, нұрға толық айналық қызметін атқарады. Иманы таудай мықты екенін, іс жүзінде көрсетеді. Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадистерін өнеге тұтып, мінез-құлқын барынша көрсетуге тырысады. Қысқасы, іс-әрекеті, жүріс-тұрысы сүннетке сайма-сай келіп Мұхаммедтің (с.а.у.) үмметіне үлгі-өнеге болып, жетекшілік етеді. Олар Аллаһтың кәламын тәпсірлеп жазған кітаптары, діни үкімдерді түсіндіруі және заманауи ұғымға сай және ілім деңгейіне сәйкес еңбектері өз зейінінен, ойынан шығармайды. Олардың тәпсір кітаптары тікелей уахидың бұлағы болған Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мағынауи илхамымен яғни рухани нұсқауымен жазылған. Атап айтсақ, «Джәлжәлутия», «Мәснәу-и Шәриф», «Футух-ул Ғайб» т.с.с. кітаптар сынды. Мұндай киелі еңбектердің жарыққа шығуына авторлары тек тәржімеші қызметін атқарады. Әрине, бұл ерекше тұлғалар, әлгі ерекше кітаптарды реттеуде, баяндау тәсілінде өз үлестері жоқ емес, яғни олар әлгі мағыналарды шағылыстырып, басқаларға көрсетуші айнасы, ғана. Рисалей-Нұр және оның тәржімешісіне келер болсақ, бұл ерекше еңбекте осы кезге дейін теңдесі жоқ, керемет нұр, айырықша кемелдік байқалады. Сондықтан болар, ешбір кітаптардың бөленбеген абыройға ие болып, һидаят нұрын шашқан, бақыттың жолын ашқан Қасиетті Құранның нұр-фейізіне бөленгені көрініп тұр. Сол үшін сенімді түрде, бұл еңбекті Құранның нұры деп айта аламыз. Бұл кітапты әулиелердің еңбегі дегеннен гөрі Мұхаммедтің (с.а.у.) нұр-фейізіне бөленген тәпсір деген дұрыс. Сондай-ақ, Ардақты Зат-ы Пәк-і Рисалеттің яғни Пайғамбарымыздың (с.а.у.) ықпалы, алаңдаушылығы, рухани басқаруы әулиелердің кітабынан әлдеқайда басымырақ әрі тәржімешісі болып табылатын мағынауи тұлғаның үлесі, кемелдігі соншалықты мол әрі жоғары әрі теңдессіз екені Айдан анық, жарқын ақиқат. Иә, ол кісі сонау жас кезінде еш қандай ілім жинамай тұрып, рухани жағдайды сақтап қалу ниетімен үш айлық ілімімен-ақ бұрыңғы заманның, кейінгі жаңа заманның ілімін меңгеріп, діни, руханият, хикмет, астрономия, Иләһи ілім бәрін-бәрін жетік біліп, ілімнің шырқау шыңына көтерілген. Ондай дәрежеге сірә, ешкім жете қоймаған болар. Осы нұрды жеткізуші кісі, осындай ерекше жағдайда бола тұра, абыройы асқақ, ержүрек батыр, көңілі тоқ, керемет мінез құлық иесі, яғни, мұсылман үмметіне Аллаһтың мұғжизасы, көзге көрінетін Иләһи рахымы, баға жетпес сый-кәдесі. Бұл таңғажайып кісі, бәлиғатқа толмай жатып толыққанды ғұлама аталып, бүкіл ілім дүниесін дүр сілкіндірді. Қандай да бір ілім адамымен пікір таласта үстем келіп жеңіп кететін. Қандай да бір тақырыпта сұрақ қойылса, толық әрі қанағаттанарлық, еш күмәнсіз жауап беретін. Ол он төрт жасынан бастап ұстаз атанған. Айналасына ілім мен хикмет нұрын шашқан. Ерекше түсіндіру тәсілі, мәселені жанжақты қолға алып, керемет парасаттылық, көрегенділік танытып зиялы қауымды таңғалдырған. Осылайша, «Бәдиүззаман» лақабын иеленген. Жоғарғы қасиеттерге ие, ілімі терең қырымен танылып Мұхаммедтің (с.а.у.) дінін жаюда, оны дәлелдеуде үлгі-өнеге болған бұл кісі әлбетте, Сәйид-үл Мүрсәлиннің (с.а.у.) қошаметіне бөленген, Оның желеп-жебеуіне ие болған тұлға. Ол Нәби-і Ақдестің (с.а.у) әмірімен, оның нұсқауымен жүрген, оны өзі тікелей қадағалап, Оның нұрына мұрагер әрі айналық қызметін адал атқарған ерекше тұлға. Ол кісінің Мұхаммеди (с.а.у) нұрларды, Ахмеди ілімді, Иләһи фейізді өте жарқын көрсетуі және Құрани әрі хадиси ишаралардың сол кісіге келіп түйісуі және Пайғамбарымызға (с.а.у) бағытталған жәлил аяттардың баяндары сол кісіге тоғысуы кездейсоқ емес.

15-шуақ,2-тарау