Үммет
February 13, 2021

3 айлар

Бізбен араласып жүрген бір кісі көп адамдардың
шағымданатыны секілді, бұдан бұрын тариқатта жүріп ережесін қатты ұстанып, дұға-әурад оқығанда құлшыныс зауық, ләззат, алғанын қазір одан айырылып қалғанын, пайда болып сөйтіп ұйқы басып, мазасы кететінін өкіне шағым айтты. Оған былай дедік:


Ауа-райы бұзылған кезде адамның мазасы кетіп, қан қысымы бар
кісілер өздерін жайсыз сезінеді. Сол секілді кейде мағынауи ауа-райы
бұзылады. Әсіресе руханияттан ұзақ мына заманда және әуестікті,
нәпсіні қоздыратын нәрселер кеңінен тараған елдерде әсіресе
«шухур-ы сәласә» яғни қасиетті айлар рухани ауаны тазартып, Ислам
әлемін оятып, назарды ақыретке аударып, сосын үш айлар өтіп кеткен
соң тоқырау басталып және руханиятқа кері әсер ететін кәпірлердің
әрекеті кезінде сондай-ақ, қыс айларында дүниялық тіршілік,
нәпсінің әуестігі біршама тоқтап мұсылмандар мен имандылар
ақырет қамын ойлап жүргенде көктем келіп дүния ауыр басып, нәпсі
қозатын сәтте, әлгіндей ақыреттік қам, рухани құлшыныс саябырлап
қалатыны рас. Сондықтан мұндай киелі әурад-дұға, зікір кезінде ынта-жігердің орнына адам есінеп, ұйқы басатыны рас. Дегенмен
машақаты мол, қиын, әрі қызық емес істер мазасыз кезде жасалса салих амал саналып әлдеқайда маңызды,
орасан зор сауап. Ондай мазасыз уақытта қиналып жасалған амал мол сауапты әрі қабыл болатынын ойлап сабыр сақтап әрі риза түрде шүкір ету керек.