Ақырет
March 10, 2020

Өлім де өмір секілді жаратылыс һәм нығмет

اَلَّذ۪ى خَلَقَ الْمَوْتَ وَالْحَيٰوةَ لِيَبْلُوَكُمْ اَيُّكُمْ اَحْسَنُ عَمَلاً

Құранда осы сияқты аяттарда: «Өлім де өмір секілді жаратылыс һәм нығмет» деп
түсіндіріледі. Ал сырттай қарағанда, өлім дегеніміз – ажырап ыдырау,
жоғалу, шіру, өмірдің сөнуі, ләззатардың жойылуы емес пе? ол қалай
жаратылыс және нығмет бола алады?

Жауап: Бірінші сұрақтың жауабының соңында айтылғандай: Өлім –
өмірдегі уәзипадан, міндеттерден босау, демалыс, мекен ауыстыру, дене
өзгерту, мәңгі өмірге шақыру, бастама, бақи тіршіліктің кіріспесі. Қалайша
бір тірі жанның дүниеге келуі - тағдырдың жазуы арқылы құдіретпен
болады. Сондай-ақ дүниеден кетуі де, тағдырдың жазуы мен хикметпен
басқару арқылы құдіретпен болады. Өйткені тіршілік иесінің ең төмен
сатысы өсімдіктердің өлімі - өмірінен де жүйелі, өнер туындысы. Сондай-
ақ, жемістер мен дәндердің өлімі - сырт көзге шіру, үгітіліп ыдырау
болып көрінгенімен, шындығында, өте тәртіпті бір химиялық процесстен,
элементтердің өлшемді түрде бір-біріне араласуынан және хикметті түрде
атомдардың түзілуінен тұратын илену. Олардың осы көзге көрінбейтін
жүйелі әрі хикметті өлімі өсімдіктің өсіп шығуы арқылы тіршілікке
айналады.
Демек, дәннің өлімі – көктеудің бастамасы, яғни жаратылуы
болғандықтан, өлім де өмір секілді жүйелі жаратылыс.
Сондай-ақ, тіршілік иесі жемістер мен жан-жануарлардың адам
асқазанына түсіп қорытылуы, яғни өлуі, олардың жоғары, адам өмірі
деңгейіне көтерілуіне негіз болатындықтан олардың ол өлімі тіршілігінен
де жүйелі құбылыс және жаратылыс деуге болады.
Міне, тіршіліктің ең қарапайым сатысы өсімдіктердің тіршілігі аяқталып
өлуі, осындай хикметке толы жүйелі жаратылыс болатын болса, тіршіліктің
жоғары сатысы адам өмірінің аяқталуы, яғни өлуі әлбетте жерге түскен
дәннің жер бетіне өніп шығып, ауада жайқалған ағашқа айналатыны іспетті,
жерге көмілген адам да берзах әлемінде мәңгі өмірдің қауызын жаратын
болады.
Ал, өлімнің нығмет екендігін көрсететін көптеген себептер бар. Соның
төртеуіне ғана ишара етеміз.

Біріншісі: Өлім – қиындап кеткен өмір міндетінен және тіршілік жүгінен
азат етеді. Достарының жүзде тоқсан тоғызы кеткен әлемге апаратын есік
болғандықтан ол – үлкен нығмет.

Екіншісі: Аумалы-төкпелі, қиыншылығы мол, тар дүние зынданынан
шығып, кең, қайғысыз, қуанышты бақи әлемге өтіп, Махбуб-ы Бақидың
мейіріміне бөлену.
Үшіншісі: Тұрмыс шарттарын қиындатып жіберетін қарттық, тағы да
басқа себептер өлімнің өмірден де артық нығмет екенін көрсетеді.
Мәселен сені қынжылтып, күйзелтетін әбден қартайған әкең мен
анаңа қоса, атаңның аталары аянышты халде, қазір сенің алдыңда тұрса,
өмір неткен бейнет, өлім қандай нығмет екендігін білер едің. Тағы бір
мысал: Әдемі гүлдердің ғашықтары болған әдемі әрі нәзік көбелектер мен
аралардың қыстың сақылдаған аязында тірі жүрулері қаншалықты бейнет,
өлімдері қаншалықты мейірім екендігі түсінікті болар.
Төртіншісі: Адам ұйықтағанда тынығады, ұйқы – рахат. Әсіресе, басына
іс түскендер мен жаралылар, аурулар үшін нағыз мейірім. Сол сияқты
ұйқының ағасы болған өлім де қиын жағдайға ұшырағандарға және өзін-өзі
өлтіруге дейін итермелейтін бәлеге душар болғандар үшін нағыз нығмет
және шынайы мейірім болып саналады. «Рисалей Нұрда» талай рет нақты
дәлелденгеніндей дінсіздер үшін өлім де, өмір сияқты бейнет үстіне бейнет,
азап үстіне азап... Ол жағы тақырыптан тыс.

1-мектуб,2-сұрақ