халыққа
June 17, 2020

Нұрлы қала Мәдинада тұратын ғұлама-ғалымның қаламынан туған алғы сөз.

Осы терең ақиқатты «Алғы сөзді» жазып отырған кезімде толық әрі жан-жақты аңғарғандай болдым. Өйткені, ғазиз де құрметті оқырманға шын жүректен, шынайы ықыласпен ұсынылып отырған бұл кітап, бір ғасырға жуық берекелі, өмір сүрген, өмірінің әр кезеңі мыңдаған ғажайып оқиғаларға толы, көңілдерді баурап алушы үлкен Ұстаз Бәдиүззаман Саид Нұрси және оның жүз отыз кітапшадан тұратын Рисалей-Нұр тәпсірі мен көркем мінез-құлық, адамгершілік, ықылас пен адалдық, иман мен ирфан секілді игі қасиеттерімен бір елге ғана емес, күллі адамзатқа үлгі-өнеге боларлық, Нұр шәкірттері жайлы.

Осы уақытқа дейін жазып жүрген прозалық, поэзиялық шығармаларымды жазарда мұншалықты дәрменсіздік, шарасыздық жағдайды бастан кешірмеген едім. Бұл кітаптың қызығына түсіп, шат көңілмен оқыған әрбір адам Бәдиүззаманның бала кезінен-ақ ерекшелігі байқалған, Аллаһтың нұры жауған тамаша тұлға, асқан ғалым екенін көреді.

Мен бұл кісіні, оның кітаптарын, тәрбиелеген шәкірттерін терең зерттеп, етене жақындап, сол бір нұрлы әлемдерге сезімдеріммен, пікіріммен, рухыммен сапар шеккеннен кейін ғана көне заманғы мәшһүр араб ақынының сөздері өте терең ақиқатты мегзеп тұрғанын түсіндім. Ол кісінің сөзімен айтқанда: «Аллаһ Тағалаға күллі әлемді бір адамның бойына жинап қою түк емес».

“Жаман мінез-құлықтар етек алып, топан судай тасып, адамгершілікке шүйлігіп, оны жоқ қылуға сәл қалған кезде Бәдиүззаман әкелген нұр-фейз, көңілдегі сыр секілді жүректен жүрекке, ауыздан ауызға еш толассыз, тосқауылсыз тарап жатқанын көріп, көңіліміз жәй табуда. Түннің қараңғылығы қоюлана түссе таңның атуы жақын болғаны”.

Иә, бір сыр секілді жүректен жүрекке еш кедергісіз жайылып, шашырап бара жатқан бұл нұрдың еліміздің әр тарапында ұшқынын, сәулесін көргендер аң-таң болып, бәз біреулер үрейленіп, «Атағы жер жарып, абыройы еліміздің түкпір-түкпіріне тарап жатқан бұл кісі кім? Өмір жолы, жазған еңбегі, ұстанымы қандай?» деп сұрай бастады. «Тариқат па? сопылық па? әлде саяси ұйым ба?»

Мұнымен шектелмеді. Дереу билік органдары, тәртіп сақшылары ізіне түсіп, жіті бақылауға алды. Ұзаққа созылған соттар мен сараптамалар басталып кетті. Ақырында бұл Иләһи нұрдың ірге тасы көңілдер мен жүректерге орнатылатыны, мұның «Иман, мен Ілімнің ордасы” екені, одан өзге ешнәрсе еместігі анықталды да әділдік Аллаһтың қалауымен жарқын көрініс тапты: «Бәдиүззаман Саид Нұрси және Рисалей-Нұр кітаптары ақталсын!» деген қарар ресми түрде жарияланды. Осылайша рух материядан, хақ бұрыс жолдан, шындық өтіріктен, нұр қараңғылықтан, иман күпірліктен әрдайым үстем келетіні ежелден бергі өзгермейтін Иләһи заңдылық, ақиқат екендігі айқын көрінді.